«Заманауи колледждің даму стратегиясы: колледждегі басқару және басқаруды жоспарлау»

Published by Админ on

Алматы облысы білім басқармасы мен облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің базасында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшылары арасында «Заманауи колледждің даму стратегиясы: колледждегі басқару және басқаруды жоспарлау» тақырыбында семинар-кеңесі өтті.

Іс-шара барысында қатысушылар кәсіптік білім мазмұнын жаңғырту жағдайында ел экономикасына қажет анықталған 100 мамандықтар бойынша облысымызда «Жас маман», заманауи басқарудың «Табысты басшы» жобасын іске асыру өзекті мәселелері қарастырылды. Техникалық және кәсіптік білім саласындағы нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістерге түсіндірме жұмысы жүргізіліп, «WorldSkills Taldykorgan -2019» аймақтық чемпионатының қорытындысы тыңдалды.
Білім беру ұйымдарының инновациялық басқаруда озық педагогикалық идеялар мен тәжірибелерін тарату, сондай ақ, қоғамдастық аясын кеңейту үшін семинар-кеңес жұмысына «Казинтерсервис» ЖШС-тің басшысы, Алматы сервистік қызмет көрсету колледжінің, А.Мәлкеев атындағы Есік мамандандырылған дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының мамандары шақырылды.
Семинар-кеңес жұмысы колледж басшыларының стратегиялық жоспарлау бойынша кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіру және әдістемелік бағыт-бағдар беру мақсатында І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің біліктілік арттыру Институтының, Алматы облысы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының базаларында жалғасты. Семинар-кеңес жұмысына 75 колледж директорлары қатысты.

Categories: НОВОСТИ

0 Comments

Leave a Reply

Avatar placeholder

Your email address will not be published. Required fields are marked *