Талапкерлерге арналған ескерту!
Құжаттарды қабылдау туралы өтініштер күндізгі оқу түрі бойынша 25 маусымнан 20 тамызға дейін, сырттай оқу түрі бойынша 25 маусымнан 20 қыркүйекке дейін қабылданады. Құжаттарды EGOV.KZ порталы арқылы электронды түрде немесе колледжге қағаз түрінде тапсыруға болады.
Карантин, әлеуметтік, табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар болған жағдайда, қабылдау комиссиясы күнтізбелік жылдың 25 маусымынан бастап Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 26-бабының 8-тармағына сәйкес қабылдау квотасы қарастырылған тұлғалар мен талапкерлердің тізімін, білім туралы құжаттағы міндетті және бейіндік пәндер бойынша жиынтық балын немесе шығармашылық және/немесе арнайы конкурстардың нәтижелері негізінде жасақтап, оны білім беру ұйымының сайтында жариялайды және күн сайын жаңартып отырады.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша орта буын мамандарын және қолданбалы бакалаврларды даярлауды көздейтін оқуға түсушілер үшін қабылдау конкурсы білім туралы құжаттағы міндетті және бейіндік пәндер бойынша жиынтық балл нәтижесі негізінде жүргізіледі.
Биыл колледжге қабылдау аттестаттағы жиынтық конкурстық балл негізінде жүзеге асырылады, ол мына бағалардан тұрады:
- 9-сынып бітірушілері үшін: міндетті пән (қазақ немесе орыс тілі) және екі бейіндік пән бойынша;
- 11-сынып бітірушілері үшін: екі міндетті пән (қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы) және екі бейіндік пән бойынша.
Педагогикалық мамандықтар бойынша:
- Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып арнайы және шығармашылық емтихандар немесе жетістіктер портфолиосын бағалау жүргізіледі;
- Балл тең болған жағдайда аттестаттың орташа балы және талапкердің әлеуметтік санаты ескеріледі.
Осыған байланысты, ата-аналардың назарына!
Абитуриенттерді интернетпен қамтамасыз етуді сұраймыз!
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім — мамандық бейініне сәйкес келмейтін жағдайда — бейіндік пән бойынша қабылданады.
Мамандық бейініне сәйкес келетін жағдайда — сұхбат (собеседование) арқылы қабылданады.
Қабылдау нәтижелері туралы ақпарат:
- Орта буын мамандарын және қолданбалы бакалаврларды даярлауды көздейтін күндізгі оқу түрі бойынша – 31 тамызға дейін
- Білікті жұмысшы кадрларды даярлау бойынша – 10 қыркүйекке дейін
- Кешкі және сырттай оқу түрлері бойынша – 30 қыркүйекке дейін
ақпараттық стендтерде немесе колледждің интернет ресурстарында жарияланады.
Колледжге түсу үшін қажетті құжаттар тізімі:
- Еркін түрде жазылған қабылдау туралы өтініш;
- Білім туралы құжаттың түпнұсқасы;
- 3х4 см көлемінде 4 фотосурет;
- 075-У нысанындағы медициналық анықтама (флюросуретпен бірге)
(І және ІІ топтағы мүгедектер мен бала кезінен мүгедектер үшін – медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындысы);
Медициналық анықтамаларды оқу жылы басталғанға дейін ұсынуға болады; - Біріңғай ұлттық тестілеу немесе кешенді тестілеу сертификаты (бар болса);
- Жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін құжаттарды талапкер немесе оның заңды өкілі жеке өзі көрсетеді).
Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар келесі құжаттарды ұсынады:
- Шетел азаматы – Қазақстан Республикасында тұруға рұқсат куәлігі;
- Азаматтығы жоқ тұлға – азаматтығы жоқ тұлға куәлігі;
- Босқын – босқын куәлігі;
- Пана іздеуші тұлға – пана іздеуші куәлігі;
- Оралман – оралман куәлігі.
Қосымша ақпарат алу үшін қайда жүгінуге болады?
📍 Біздің мекенжайымыз: Талдықорған қаласы, Жансугуров көшесі, 226
📞 Телефон: 8 (7282) 22-05-49, 22-18-91
🌐 Сайт: thpc.edu.kz
📸 Instagram: @tvptk_tdk