Әдеп жөніндегі кеңес
Дарменова Қорлан Тоқтарқызы – Кеңес төрайымы
Рымтаева Асель Тынысбекқызы – хатшы;
Кеңес Мүшелері:
Акашева Клара Болатқызы – оқытушы;
Есболатова Замзагүл Данабекқызы – ардагер оқытушы;
Жуанышбаев Талғат Советбекұлы – оқытушы;
Бақытұлы Қайнар – оқытушы;
Ахасов Есбол Бағланбекұлы – оқытушы;
Әбілмәжінұлы Көмек – оқытушы;
Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің
педагогикалық әдеп жөніндегі Кеңестің жұмысын ұйымдастыру Ережелері
(2025-2027 оқу жылы)
1 тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Педагогикалық әдеп қағидалары (бұдан әрі – Педагогикалық әдеп) “Білім туралы” 2020 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының және “Педагог мәртебесі туралы” 2023 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының ережелеріне сәйкес әзірленді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жалпыға бірдей танылған адамгершілік қағидаттары мен нормаларына негізделген.
2. Педагогикалық әдеп білім беру ұйымдарының педагогтері басшылыққа алатын педагогикалық әдеп қағидаттары мен нормаларының жалпы жиынтығын білдіреді.
3. Педагогикалық әдеп ережелерін педагогтердің білуі және сақтауы олардың кәсіби қызметі мен еңбек тәртібі сапасын бағалау өлшемшарттарының бірі болып табылады.
4. Педагогикалық әдеп мәтіні білім беру процесінің қатысушылары үшін белгілі бір қолжетімді орында орналастырылады.
5. Педагогке қатысты талқылаулар және олардың негізінде қабылданған шешімдер педагогтің жазбаша келісімімен ғана жария етілуі мүмкін
2-тарау. Педагогикалық әдептің негізгі қағидаттары
6. Педагогикалық әдептің негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:
педагогтің адалдығы олардың оқыту мен тәрбиелеу нәтижесіне, өз қызметіндегі түзетулерді жүзеге асыра білуіне, сынға және рефлексияға қабілетін дамытуға, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің, олардың ата-аналарының (заңды өкілдерінің), әріптестерінің кез келген пікірі үшін ашықтығына жауапкершілігін білдіреді;
педагогтің әділдігі оның бағалау кызметінің ашықтығын, олардың құрған білім беру ортасының айқындылығын білдіреді. Әділдік педагогке білім алушылар мен тәрбиеленушілердің, олардың ата-аналарының (заңды өкілдерінің), әріптестерінің құқығын бұзуға тыйым салады;
3) жеке тұлғаның абыройын және қадір-қасиетін құрметтеу:
педагог өзінің кәсіби назарындағы объектілер болып табылатын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің, олардың ата-аналарының (заңды өкілдерінің), адамдардың абыройы мен қадір-қасиетін құрметтейді, олармен қарым-қатынас жасауда әдепті болады. Ол баланың дамуын шынымен қалап, оған әрқашан көмектесуге дайын екендігін білдіріп, білім алушы мен тәрбиеленушінің жеке басының өсуіне ықпал ету мақсатында білім алушының жетістіктерін (жетіспеушілігін) бағалауда сыпайылықты қамтамасыз етеді.
Білім беру процесінің қатысушыларына қатысты күш көрсету, моральдық және психикалық қысым жасау әдістерін қолдануға жол бермейді;
педагог өз Отаны – Қазақстан Республикасына, тарихына, дәстүрлеріне және тіліне адал және сүйіспеншілікпен қарайды. Қазақстан Республикасының мәдени және тарихи дәстүрлерін сақтайды, бұл қарым-қатынасты білім алушыларға береді.
5) жалпы адами құндылықтарды құрметтеу және төзімділік:
Педагог жалпы адами құндылықтардың басымдылығын мойындай отырып, әрбір ұлт мәдениетінің ерекшелігіне, құндылығына және қадір-қасиетіне құрметпен қарайды.
Педагог ұлтаралық қатынастар мәдениетін тәрбиелейді, білім алушыларды жасына, жынысына, тіліне, ұлтына, діни көзқарасына, азаматтығына, шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына немесе өзге де кез келген жағдайларға қарамастан барлық ұлттар мен барлық адамдардың құқығы мен қадір-қасиетін құрметтеуге үйретеді;
Педагогтің толеранттылығы білім алушыларға, олардың ата-аналарына (заңды өкілдеріне) төзімділікті, олардың әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, мәдениетке, наным-сеніміне, туған жері иен тұрғылықты жеріне төзімділікті, сондай-ақ жұмыста білім алушылардың жетілмегенін түсіне және ескере білуді көздейді.
Педагог колледж ұжымында сенім білдіру және құрметтеу ахуалын жасауға ықпал етеді;
педагог кәсіптің беделі туралы ойлайды, әріптестерінің абыройы мен қадір-қасиетін құрметтейді, оқытушының беделіне нұқсан келтіретін іс-әрекеттерге жол бермейді.
Қандай да бір нысанда өз әріптестерінің сенімін теріс пайдалануға, олардың кәсіби міндеттерін атқаруына кедергі жасауға, оларға қандай да бір шығын келтіруге жол бермейді. Педагог өз әріптестерінің теориялық және әдістемелік шеберлік деңгейін арттыруға, шығармашылық қабілетін дамытуға жәрдем көрсетеді, қиын жағдайға тап болған әріптестеріне көмекке келеді. Кәсіби ынтымақтастық жалғандық пен әділетсіздікті ақтауға қызмет етпейді;
педагог өзінің кәсіби шеберлігін, зияткерлік, шығармашылық және жалпы ғылыми деңгейін жетілдіреді.
3-тарау. Педагогикалық әдептің негізгі нормалары
7. Педагогтер қызметтік және қызметтік емес уақытта:
1) педагогикалық әдептің негізгі принциптерін сақтайды;
5) өзінің қызметтік міндеттерін адал және сапалы орындайды;
7) еңбек тәртібін бұлжытпай сақтайды;
8) білім беру ұйымының мүлкіне ұқыпты қарайды және оны жеке мақсатта пайдаланбайды;
10) қызметтік ақпараттарды пайдакүнемдік және өзге де жеке мақсаттарда пайдалануға жол бермейді;
12) өзінің қызметтік міндеттерін орындау кезеңінде іскерлік киім үлгісін ұстанады;
13) педагог мәртебесін пайдакүнемдік және өзге де жеке мақсаттарда пайдаланудан аулақ болады;
18) білім және ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға ықпал етеді;
8. Білім беру процесіне қатысушылармен қарым-қатынас жасауда педагогтер:
5) білім беру процесінің қатысушыларына кәсіби қолдау көрсетеді;
6) педагогикалық әдептің бұзылуына шағым жасаған адамдарды кемсітпейді.
9. Әріптестермен қарым-қатынас жасауда педагогтер:
1) жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын, сыпайылық пен биязылықты сақтайды;
2) басқа педагогтің кәсіби біліктілігіне көпшілік алдында күмән келтірмейді;
Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес жұмысының мазмұны
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қағидалар педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің қызметін ұйымдастыруды анықтайды.
Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес (бұдан әрі – Кеңес) білім беру ұйымдарында құрылатын және педагогтердің педагогикалық әдепті сақтауы мәселелерін қарайтын алқалы орган болып табылады.
Білім беру ұйымдарының педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесіне педагогтердің педагогикалық әдепті сақтауы мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалар жүгіне алады.
2-тарау. Кеңестің негізгі міндеттері мен өкілеттіктері
3. Кеңестің негізгі міндеттері:
1) педагогикалық әдептің бұзылу мониторингі, профилактикасы және оның алдын алу;
1) өз отырыстарында педагогтер мен қаралатын мәселелерге қатысы бар тұлғаларды тыңдайды;
8) тараптарды татуластыру бойынша жұмыс жүргізеді.
3-тарау. Кеңес қызметін ұйымдастыру
5. Кеңестің өкілеттік мерзімі үш жылды құрайды.
7. Кеңеске келесі тұлғалар кіреді:
3) құрметті демалысқа шыққан педагогтер.
Білім беру ұйымының басшысы, білім беру ұйымының басқарушылық, әкімшілік, қосалқы персоналының қызметкерлері, осы білім беру ұйымының білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің ата-аналары Кеңес құрамына оның мүшелері ретінде енгізілмейді. Бұл ретте Кеңес хатшысы ретінде білім беру ұйымының басқарушылық, әкімшілік, қосалқы персоналының қызметкерлеріне жол беріледі.
1) сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған;
2) сот белгілі бір мерзім ішінде мемлекеттік лауазымдарды атқару құқығынан айырған;
3) мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылығы үшін жұмыстан босатылған;
9. Кеңес білім беру ұйымының педагогикалық кеңесінде сайланады.
10. Білім беру ұйымының басшысы:
1) Кеңесті қалыптастыру кезінде заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді;
2) Кеңесті уақтылы сайлау үшін қажетті рәсімдерді өткізуді қамтамасыз етеді;
3) Кеңес жұмысына жағдай жасайды және жәрдем көрсетеді.
11. Кеңес құрамы білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен бекітіледі.
12. Кеңестің төрағасы мен хатшысы бірінші отырыста Кеңес құрамынан көпшілік дауыспен сайланады.
Кеңес хатшысы Кеңестің іс қағаздарын жүргізуді қамтамасыз ететін тұлға болып табылады: мүшелер мен шақырылған адамдарды кеңес отырысының өткізілетін күні мен орны туралы хабардар ету, Кеңестің жұмыс жоспарының жобасын жасау, хаттама жүргізу және оны сақтау, өтініштер мен ұсыныстарды қабылдау, сондай-ақ Кеңестің атына келіп түсетін хаттарды тіркеу.
Кеңес хатшысы Кеңес шешімдерінің орындалу мониторингін қамтамасыз етеді және олардың нәтижелері туралы кеңес мүшелеріне жеткізеді.
14. Кеңес төрағасы Кеңес отырыстарын шақырады және күн тәртібін белгілейді.
Кеңестің мүшелері:
1) отырыстардың күн тәртібі бойынша ұсыныстар енгізеді;
2) Кеңес отырыстарына материалдар мен оның шешімдерінің жобаларын дайындауға қатысады;
3) Кеңес қарайтын мәселелерді талқылауға қатысады.
Кеңестің кезектен тыс отырысы төрағаның шешімі бойынша және (немесе) білім беру ұйымы басшысының ұсынысы бойынша және (немесе) Кеңес мүшелерінің жалпы санының үштен бірінен астамының бастамасы бойынша өткізілуі мүмкін.
15. Педагогикалық әдепті сақтау туралы мәселе қаралған кезде педагогтің:
1) қаралып отырған мәселе туралы ақпаратты жазбаша түрде алуға;
2) қаралып отырған мәселе бойынша барлық материалдармен танысуға;
4) шешімді жазбаша түрде алуға;
17. Кеңестің шешімі бойынша Кеңес мүшесі оның құрамынан:
2) Кеңес мүшесі Кеңес құрамынан шығу туралы өтініш берген;
3) педагогке қатысты талқылау мәліметтері оның жазбаша келісімінсіз жария етілген;
4) осы Қағидалардың 16-тармағында көзделген;
5) осы қағидалардың 19-тармағының талаптары бұзылған жағдайларда шығарылуы мүмкін.
1) егер оған Кеңес мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп саналады;
Кеңес мүшелері оның отырыстарына ауыстыру құқығынсыз қатысады.
Қарау үшiн өзге субъектiлерден, лауазымды адамдардан ақпарат алу талап етiлетiн жеке және (немесе) заңды тұлғаның өтiнiшi келiп түскен күнінен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде Кеңесте қаралады және ол бойынша шешiм қабылданады.
Оны қараудың қорытындылары туралы өтініш берушіге отырыстың өзінде не оны Кеңестің хатшысы қарау қорытындылары бойынша дереу хабарлауы тиіс.
24. Педагогке қатысты істі қарау:
1) еңбекке уақытша жарамсыздық;
2) демалыста немесе іссапарда болған;
Кеңес отырысында істі қарау, егер жауапкершілікке тартылатын адамдарға Кеңес отырысының уақыты мен орны туралы отырыс өткізілгенге дейін кемінде үш күн бұрын тиісті түрде хабарланған болса, олардың қатысуынсыз жүргізілуі мүмкін.
27. Отырыста педагогтің жауапкершілігі мәселесін қарау кезінде Кеңес мына мәселелерді шешеді:
2) бұл іс-әрекет (әрекетсіздік) әдепті бұзу болып табылады ма;
3) бұл әдепті бұзу педагог тарапынан жасалды ма;
4) педагогтің осы бұзушылықты жасауда кінәсі бар ма.
29. Кеңестің шешімі ұсынымдық сипатта болады.
Кеңес хатшысы өтініш берушіге оның өтінішін заңнамада белгіленген мерзімде қарау нәтижелерін жазбаша хабарлайды.
Бұл ретте, өтініш берушіні “Педагог мәртебесі туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 4-тармағының және осы Қағидалардың 31-тармағының талаптарын сақтау қажеттігі туралы хабардар етеді.