ТАЛДЫҚОРҒАН ЖОҒАРЫ ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ТАРИХЫНАН

1935 жылы – Алматы облысының Талдықорған қаласында Талдықорған ауылшаруашылығын механикаландыру мектебі ашылды.
1936 жылы – Талдықорған ауылшаруашылығын механикаландыру мектебі толық көлемде Қапал ауылшаруашылығын механикаландыру мектебіне беріліп, Қапал ауылына қоныс аударды.
1941 жылы – Қапал және Лепсі ауылшаруашылығын механикаландыру мектептері біріктіріліп, Қаратал ауылшаруашылығын механикаландыру мектебі деп аталып, Үштөбе станциясына көшірілді.
1949 жылы – Қаратал ауылшаруашылығын механикаландыру мектебі Талдықорған ауылшаруашылығын механикаландыру мектебі деп аты өзгертіліп, Талдықорған қаласына қайта мекенжайын ауыстырды.
1954 жылы – Мектеп Талдықорған ауылшаруашылығын механикаландыру училищесі деп аталды.
1961 жылы – Училище негізінде Талдықорған индустриалдық кәсіптік білім техникумы ашылды.
1966 жылы – Техникум Талдықорған индустриалды-педагогикалық техникумы болды.
1993 жылы – Техникум Талдықорған индустриалды-педагогикалық колледжі аталды.
1996 жылы – Талдықорған индустриалды-педагогикалық және Талдықорған құрылыс колледждері біріктіріліп, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің техникалық колледжі деп атын өзгертті.
1997 жылы – Техникалық колледж Талдықорған политехникалық колледжі болып қайта құрылып атала бастады.
1999 жылы – 18 наурыздан бастап колледж мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны «Талдықорған политехникалық колледжі» болып аталды.
2019 жылы – Алматы облысы әкімдігінің 27.02.2019 жылғы №81 қаулысымен колледжге «Жоғары колледж» статусы беріліп, сол уақыттан бері «Талдықорған жоғары политехникалық колледжі коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып аталды.
2022 жылы – Жетісу облысы, Алматы облысының құрамынан бөлініп шығуына байланысты колледж «Жетісу облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Талдықорған жоғары политехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны» болып заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуден қайта өтті.