Читающий колледж

Бүгін Талдықорған жоғары политехникалық колледжінде қазақ әдебиетінің классигі, қоғам қайраткері, филология ғылымының докторы, профессор, академик М.О.Әуезовтың туғанына 125 жыл толуына орай, жазушының шығармашылығын жастар арасында кеңінен насихаттауға бағытталған «Әуезов әлемі» тақырыбында колледж студенттері арасында облыстық байқау өтті.
Байқау ІІ кезеңнен тұрды. 1 кезеңде «М.Әуезовтың шығармалары бойынша буктрейлер әзірлеу. 2 кезеңде М.Әуезовтың прозалық және драмалық шығармаларынан монолог оқу.
Байқауға 8 колледжден білім алушылар қатысты. Жүлделі бірінші орынға Талдықорған жоғары медициналық колледжінің білімгері – Бекмұратқызы Арай ие болды.