Студенческие клубы

 

КМҚК «Талдықорған жоғары политехникалық колледжі»


 

Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің

студенттік клубтары

2024-2025 оқу жылы

 

 

Талдықорған

Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің

2024-2025 оку жылының студенттік клубтары

  1. «САНАЛЫ ҰРПАҚ» клубы – Талдықорған жоғары политехникалық колледжінде құқықтық білім мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті насихаттау мақсатында құрылған студенттердің бірлестігі. «Саналы ұрпақ» клубы – колледждің өзін-өзі басқару жүйесінің құрылымдық бөлігі болып табылады. Клубтың мақсаты мен міндеттері:
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет;
  • барлық білім беру субъектілерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез- құлықтарын қалыптастыру;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы механизмді енгізу арқылы білім беру сапасын арттыру;
  • білім беру саласындағы жемқорлыққа қарсы заңнама;
  • ақпараттық қолдау және түсініктер беру;
  • барлық білім беру субъектілерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттылығын арттыру.

Жетекшісі: Толеутай Анира IN-311b

Консультант: Асқанбаев Дархан Сұңғатұлы                                                                                      

  1. «ШАПАҒАТ» еріктілер клубы – Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің еріктілер клубы, жалпыадамзаттық құндылықтарға бағытталған және қоғам игілігі үшін игі істер жасауға ынталы білім алушылардың, жастардың ерікті бірлестігі. Клубтың мақсаты мен міндеттері:
  • әлеуметтік белсенділіктің әртүрлі түрлерімен танысу арқылы білім алушылардың дамуы және әлеуметтік өзін – өзі жүзеге асыруы, жастарды әлеуметтік маңызы бар қызметке тарту;
  • жастар ортасында белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыру, әлеуметтік-жауапты мінез-құлық дағдылары, сондай-ақ гуманизм мен салауатты өмір салты құндылықтарын насихаттау.
  • ерікті қызметке қатысу арқылы студенттердің әлеуметтік белсенділігін дамыту;
  • әр-бір жеке тұлғаның өз уақытын, дарынын және күш қуатын ешқандай сыйақы күтпестен жеке және ұжымдық акциялар арқылы басқа адамдарға арнауына мүмкіндік жасау;
  • жастар ұжымын қайырымдылық жасауға жұмылдыру;

   ШАПАҒАТ» еріктілер клубының студенттері ардагер ұстаз Щеглова Ольга Артемовнаның үйінде болып тазалық жұмыстарын атқарды. Көмек қолын созғаны үшін Щеглова Ольга Артемовна студенттерге өз ризашылығын білдіріп, өзінің ақ батасын берді. Осындай игі іс-шаралар «Шапағат» еріктілер клубының студенттерімен жүргізілуде.Іс-шаралар оқушылар бойында үлкенді құрметтеуге, қарттарды сыйлауға тәрбиелеу, әділдік пен шыншылдықты қалыптастырады.

Жетекшісі: Мұхтар Альмира SW-311b                                               Консультант: Жабықбай Ельнура Қанатбекқызы         

  1. «ТАРЛАН» пікірсайыс клубы – Талдықорған жоғары политехникалық колледж студенттерінің табандылығын, шешендік өнерін және көшбасшылық қасиеттерін дамытуды жүзеге асыратын ерікті жастар бірлестігі. Дебат — бұл негізгі ережелері бойынша жүргізілетін дисскусияның негізгі формасын ұсынатын интеллектуалды ойын. Клубтың мақсаты мен міндеттері:
  • сыни және шығармашылық ойлауға қабілетті жауапты жастардың әлеуметтік жетілген ұрпағын қалыптастыру; оқу орындарының студенттерінің белсенді азаматтық ұстанымдарын қалыптастыру;
  • өскелең ұрпақтың арасында өзін-өзі білім қажеттілігін дамыту;
  • жарыссөз жүргізу ережелеріне және шешендік өнерге үйрету;
  • дипломатиялық дауларды шешу қабілетіне тәрбиелеу;
  • мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыру бойынша жаңа идеялар ойлап табу.

Жетекшісі: Алдаберген Аружан IS-213b тобы                                               Консультант: Асқанбаев Дархан Сұңғатұлы                     

4.«INFINITY» ән клубы – Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің білімгерлерінің қазақ және шет тілді әндерін орындай алатын еріктілер клубы. Клубтың мақсаты мен міндеті:

  • әр-түрлі жанрдағы, тілдегі әндерді еркін орындай алу;
  • ән орындау барысында білімгерлерді ұқыптылыққа үйрету, студенттердің бойына патриоттық қасиеттерді қалыптастыру;
  • жанды дауыстағы байқауларға қатысуға ат салысу.

Жетекшісі: Құрманғали Ақбота IN-311b тобы                                           Консультант: Алтынай Бақытбекқызы                

  1. «FREEDOM» би клубы – Талдықорған жоғары политехникалық колледждің шығармашылық өмірінде ерекше орын алады. Клубта би билегенді ұнататын, өз аудиториясын өнерімен таңғалдыратын студенттер айналысады. Клубтың мақсаты мен міндеті:
  • студенттер би жөніндегі білім мен біліктілік дағдыларын меңгерумен қатар, би өнерінің ерекшелігін ұғыну;
  • мінез-құлықтың белгілі қырларын дамытып, қалыптастыру;
  • әртүрлі жанрдағы билер арқылы жинақылыққа, зейінділікке тәрбиелеу;
  • ұқыптылыққа үйретіп, қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру.

Жетекшісі: Джантурова Раушан IS-311б тобы                                          Консультант: Жабықбай Ельнура Қанатбекқызы

 

 

  1. “ДАРЫН” драма клубы – Талдықорған жоғары политехникалық колледждің әлеуметтік бейімделуге, сонымен қатар сөйлеу техникасын, актерлік шеберлікті, пластиканы және қойылымдарды дамытуға бағытталған. Клубтың мақсаты мен міндеті:
  • драмалық пьесалар қоюға белсенді ат салысу;
  • әр-түрлі жанрдағы пьесаларға қатысуға төменгі курс студенттерін дайындау және оқыту, жас буынды адамгершілікке тәрбиелеу;
  • құрылған сәттен бастап клубтың колледж қабырғасында және одан тыс жерлерде өткізілетін барлық мерекелік іс-шараларына қатысу.

Жетекшісі: Рахымбай Осман IN-211b тобы

Консультант: Жұлдыз Бекмұратқызы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Бекітемін»

Колледж директоры, PhD

______________ Ш.Б.Нұрғожаев

«_______» __________ 2024ж.

 

2024-2025 оқу жылындағы «Дене тәрбиесі және АӘжТД» кафедрасы бойынша спорттық үйірмелер тізімінің уақыттары

Спорт түрлері Қатысушылар саны дүйсенбі сейсенбі сәрсенбі бейсенбі жұма сенбі өткізілетін орны Спорт түрлеріне жауаптылар
1 Волейбол ұлдар 20 12:30-14:00 12:30-14:00 Спортзал Мамбеталин А.Т.
2 Волейбол қыздар 20 15:00-17:00 15:00-17:00 Спортзал Ахмет Ж.А.
3 Жеңіл атлетика 20 15:30 15:30 Стадион Байдилданов Е.С
4 Үстел  теннисі 20 16:00-18:00 16:00-18:00 Спорт зал Ахметов Қ.Б.
5 Тогызқұмалак 20 15:00-16:00 15:00-16:00 Спортзал, кабинет. Жумайбеков Е.К.
6 Футбол ұлдар 20   20:00-22:00   20:00-22:00 Стадион Керимбаев Ж.Т.
7 Шахмат және дойбы 20 15:00-16:30 15:00-6:30 НВП кабинеті Джандарбеков М.А.
8 Пневматикалық мылтықтан ату 20 14:00-15:30 14:00-15:30 НВП кабинеті Арстанов М.Т
9 Баскетбол ұлдар 20 15:00-16:00 15:00-16:00 Спорт зал Турысбаев Н.М.
10 Баскетбол қыздар 20 16:00-17:30 16:00-17:30 Спорт зал Мауленбаев Д.Д.
11 Армрестлинг 20 18:00-20:00 18:00-20:00 Жастар спорт сарайы Мамыров А.К.
12 Футзал  (ұлдар) 20 20:00-21:30 20:00-21:30 Спорт зал Баймухамбетов Е.А.
13 Футзал (қыздар) 20 17:30-19:30 17:30-19:30 Спорт зал Марленов Д.М.
14 Футбол қыздар 20 15:00-16:00 15:00-16:00 Стадион Балабеков Ә.М
15 Пауэрлифтинг 20 15:00-17:00 15:00-17:00 Тренажер залы Дюсетеаев И.С
16 Қазақ күресі 20 17:00-19:00 17:00-19:00 Жастар спорт сарайы Жуанышбаев Т.С
17 Жас сарбаз 20 16:00-17:30. 16:00-17:30. НВП кабинеті Тлеужанов Қ.К

№3 Дене тәрбиесі және АӘжТД  кафедра меңгерушісі:                                            Мамыров А.К.