Антикоррупция
“Сыбайлас жемқорлық-теріс заңдылық және әлеуметтік қолжетімділік”
25 ақпан күні Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің “SANALY URPAQ” жобалық кеңсесінде Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын түсіндіру шеңберінде “Сыбайлас жемқорлық-теріс заңдылық және әлеуметтік қолжетімділік” тақырыбына сұрақ-жауап форматында дебаттық турнир өтті. Жарыссөзге “SANALY URPAQ” студенттік клубының қатысушылары қатысты. Биыл карантиндік шектеулерге байланысты бұл іс-шара онлайн форматта өтті.