Ашық сабақ «Компьютерлік вирустар түрлері»

Published by tptk.kz on

14.02.2024 ж. ПВ-11б тобында «Бағдарламалық өнімдер мен дербес компьютерді қорғау құралдары мен әдістерін пайдалану» пәнінен «Компьютерлік вирустар түрлері» тақырыбында кафедраның арнайы пән оқытушысы – Жумабекова Индира Турсуновна ашық сабақ өткізді.

Сабақ барысы «Жүректен жүрекке» атты мотивациядан басталып, білімгерлер бір-біріне жақсы көңіл-күй сыйлады. Оқытушы Wordwall онлайн платформасын қолданып, үй тапсырмасын тексерді.
Сабақтың тақырыбын ашу мақсатында «Миға шабуыл» әдісі қолданылды. Білімгерлерді «Көбелек» әдісі арқылы топқа бөлді. Білімгерлерге өзін-өзі бағалау парағы таратылды.

Теориялық ақпаратты Prezi.com сайты арқылы түсіндірді, мағлұмат нақты әрі қызықты болды.
Тақырыпты бекіту барысында білімгерлер тапсырмаларды қызығушылықпен орындады. Білімгерлер топтасып, жұптасып сабаққа белсене қатысып отырды.
Білімгерлер сабақты қорытындылау тапсырмасын Genially онлайн платформасында орындады.
Оқытушы сабақтың соңында кері байланысты Clasroomscreen платформасы арқылы «Бағдаршам» әдісін қолдана отырып аяқтады. Оқытушы сабақтың мақсатына жетіп, ашық сабағы жүйелі өтті.

Categories: Uncategorized

0 Comments

Leave a Reply

Avatar placeholder

Your email address will not be published. Required fields are marked *