«Windows Azure технологиясына шолу»тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
№4 «Бағдарламалық қамтамасыз ету» кафедрасының арнайы пән оқытушысы Құсайынова Д.К. 12.02.2024ж SW-35b тобымен «Windows Azure технологиясына шолу»тақырыбында ашық сабақ өткізді. Оқытушы студенттердің сабаққа назарын аудару үшін мотивациялық видео көрсетті.Өткен сабақты қайталау презентациялық жұмыстар арқылы жеке 3 топ болып қорғап шықты. Жаңа тақырыпта Windows Azure технологиясының мүмкіндіктерімен таныстырды.
Сабақты бекіту тапсырмалары Wordwall, Filippity, Jumboard платформалары арқылы ұйымдастырылды. Wordwall платформасында балаларға 10 сұрақ беріліп, 4 нұсқаның ішінен дұрыс жауабын таңдай білді. Оқытушы топтық жұмыста «Тарсиа» әдісін қолданды. Яғни сұрақтардың жауабын табу арқылы фигура бөліктерін біріктіріп, фигура түрлерін шығару шартымен түсіндірді. Студенттер Wordwall платформасында сәйкестендіру тапсырмасын орындап, Windows Azure-ң айырмашылықтары мен кемшіліктерін ажырата білді. Студенттерді бағалау өз –өзі бағалау парағы арқылы жүзеге асырылды. Сабақтың бүкіл құрылымы жаңаша кезеңдермен құрылған, түрлі жаңа технологияларымен байытылған, студенттердің сапалы білім алуы мен шығармашылық ізденістерге бой алдыратындай бағытта болды. Оқытушы өз мақсатына жетті, сабақ қызықты, өте жоғары деңгейде өтті.
0 Comments