«WORLDSKILLS JUNIORS ZHETYSU» ЖАСӨСПІРІМДЕР ШЕБЕРЛІГІН АНЫҚТАЙТЫН АЙМАҚТЫҚ ЧЕМПИОНАТЫ

Published by tptk.kz on

12 сәуір 2023 жыл негізгі және жалпы орта білім беру жүйесіне WorldSkills стандарттарын енгізу және мектеп оқушылары арасында кәсіптік техникалық мамандықтарының мәртебесін арттыру, олардың шеберлік дағдыларын дамыту мақсатында Талдықорған жоғары политехникалық колледжінде «WORLDSKILLS JUNIORS ZHETYSU» аймақтық чемпионаты өтуде.

Колледждің Worldskills жаттығу лагерінде өтетін аймақтық чемпионатында жоғары сынып оқушылары «Графикалық дизайн», «Прототиптеу», «Веб дизайн және даму», «Заттар интернеті», «Бейнемонтаж», «Фотосурет» және «Бизнеске арналған IT – шешімдер» құзіреттіліктері бойынша сынға түсті.

«WORLDSKILLS JUNIORS ZHETYSU» чемпионаты халықаралық «WorldSlills» чемпионатынан айырмашылығы аталмыш сайысқа мектеп оқушылары қатысады. Бұл қозғалыс орта білім беру мекемелернің оқушыларына WorldSkills қозғалысының халықаралық стандарттарының негізінде заманауи және болашақ құзыреттіліктерін кәсіптік бағдарлаумен қатар, әр оқушының әртүрлі мамандықтар мен салаларда, өзін сынап көруге мүмкіндік берді.

Categories: Uncategorized

0 Comments

Leave a Reply

Avatar placeholder

Your email address will not be published. Required fields are marked *