«Zhas Project» жобасы

Published by tptk.kz on

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қолдауымен Жетісу облыстарында жастардың осал топтары арасында «Zhas Project» пилоттық жобасы жүзеге асып отыр.

Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің студенттері мен ерекше білімді қажет ететін білім алушылары ұсынған әлеуметтік 3 жобасы үздік танылып, грант ұтып алды.

✅ “Zhas Project”-тің ең тиімді тұсы-әр жобаға миллион теңгеден қайтарымсыз қаражат беріледі. Берілген қаржыға алған құрал-жабдықтары өздерінде қалады. Жастарды жетістікке жетелейтін “Zhas Project” жобасының ғұмыры ұзақ болсын!

👏🏻Жеңімпаздардың қоғамға тигізер үлесі зор, табысы мол болсын!

Categories: Uncategorized

0 Comments

Leave a Reply

Avatar placeholder

Your email address will not be published. Required fields are marked *