Ж.С. Андабеков Талдықорған политехникалық колледжі студенттерімен кездесті

Published by tptk.kz on

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департамент басшысының орынбасары Ж.С. Андабеков Талдықорған политехникалық колледжі студенттерімен кездесті.

Кездесу барысында Ж. Андабеков студенттерге мемлекеттік қызметтің рөлі, мемлекеттік қызметте орын алып жатқан жаңашылдықтар, мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі жөнінде ақпараттармен, “Цифрлық жадынамамен” таныстырды, сондай-ақ дарынды жастарды мемлекеттік қызметке тарту мақсатында ұйымдастырылған Жетісу облысы «Bastau» мемлекеттік қызмет мектебінің кезекті маусымының ашылуы туралы хабардар етті. Сонымен қатар, түлектерге мемлекеттік қызметшілердің бірқатар әлеуметтік кепілдіктерімен таныстырды. Қатысушылар арасында белсенді диалог болып, барлық сұрақтарға жауаптар берілді.

Кездесу аясында Талдықорған жоғары политехникалық колледжі директорының м.а. Шыңғыс Нұрғожаев Департамент басшысының орынбасарын Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің жұмыс бағытымен және IT, Электроника, цифрландыру және байланыс құзыреттілік орталығының қызметімен таныстырды.

Categories: Uncategorized

0 Comments

Leave a Reply

Avatar placeholder

Your email address will not be published. Required fields are marked *