Дизайн және типография орталығы

Бөлім басшысы

ТАСМАҒАНБЕТ
Дінмұхаммет

Дизайн және типография орталығы – колледждің білім беру, ақпараттық және имидждік қызметін сапалы визуалды материалдармен қамтамасыз ететін маңызды құрылымдық бөлімдердің бірі.

Орталықтың қызмет бағыттары

Орталықтың негізгі қызметіне афиша, буклет, диплом, алғыс хат, визитка, баннер және әдістемелік материалдардың дизайн-макеттерін әзірлеу және дайындау кіреді. Сонымен қатар оқу-әдістемелік басылымдарды беттеу, ішкі және сыртқы ақпараттық материалдарды безендіру, басып шығару және баспадан кейінгі өңдеу жұмыстары жүзеге асырылады.

Орталық колледждің ішкі қажеттіліктерінен бөлек, ұйымдар мен жеке тұлғаларға тапсырыс негізінде полиграфиялық және дизайнерлік қызметтер көрсетеді. Атап айтқанда, сыртқы жарнама өнімдерін, баннерлерді, маңдайшалар мен тақтайшаларды, стендтерді, брендтік өнімдерді, визиткалар мен буклеттерді дайындау, ламинациялау, түптеу, оракал кесу, фирмалық стиль мен дизайн әзірлеу жұмыстары орындалады.

Орталық колледждің бірыңғай корпоративтік стилін сақтауға және барлық іс-шаралардың сапалы көркем безендірілуіне ерекше көңіл бөледі

Жұмыс қағидаттары

Орталық жұмысы жауапкершілік, дәлдік, ұқыптылық және белгіленген мерзімді сақтау қағидаттарына негізделген. Жұмыс барысында заманауи графикалық бағдарламалар мен полиграфиялық жабдықтар қолданылады, бұл дайын өнімнің сапасын жоғары деңгейде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Әрбір жоба келісу және тексеру кезеңдерінен өтеді. Соның нәтижесінде тапсырыс берушінің талаптарына және колледждің корпоративтік стандарттарына сай кәсіби әрі сапалы өнім дайындалады.

Колледж дамуындағы рөлі

Дизайн және типография орталығы колледждің оң имиджін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Орталық қызметі оқу орнының визуалды бірегейлігін нығайтып, іс-шаралардың ақпараттық сүйемелдеу сапасын арттыруға және заманауи білім беру ортасын қалыптастыруға ықпал етеді.

Орталықтың тиімді жұмысының арқасында колледждің танымалдығы артып, беделі нығайып, өңірдегі білім беру кеңістігіндегі орны айқындала түсуде.

Правила публикации комментариев

Убедительно просим всех пользователей соблюдать правила общения на данной площадке.

Комментарии от анонимных пользователей не публикуются.

Комментарий может быть отклонён, если он:

  • содержит оскорбления, угрозы, разжигает ненависть или дискриминацию по расовому, этническому, половому, религиозному или социальному признаку;
    • нарушает права и интересы третьих лиц, включая несовершеннолетних;
    • содержит персональные данные третьих лиц без их согласия;
    • носит рекламный характер, содержит спам или ссылки на сторонние ресурсы с коммерческим содержанием;
    • противоречит действующему законодательству Республики Казахстан;
    • содержит нецензурную лексику, непристойные выражения или завуалированные формы таких выражений;
    • содержит личные жалобы, просьбы или обращения, требующие индивидуального рассмотрения;
    • оформлен в виде петиции или массового обращения;
    • не несёт смысловой нагрузки, является флудом или повторяющимися сообщениями;
    • трудно читаем или не поддаётся пониманию;
    • полностью или преимущественно написан заглавными буквами;
    • не структурирован (отсутствуют предложения, логика изложения).

Просим соблюдать нормы грамотности и уважительного общения. Комментарии, не соответствующие данным требованиям, могут быть удалены независимо от их содержания.

В случае систематического нарушения правил доступ к публикации комментариев может быть ограничен.

Scroll to Top