Құрылыс, сәулет және жобалау кафедрасы
Кафедра меңгеруші
АЙТҚАЛИЕВ
Ернар Асхатұлы
Құрметті келуші!
Сідердің назарларыңызға «Құрылыс, кәсіптік оқыту және техникалық пәндер» кафедрасын ұсынамыз.
Біздің кафеда кең ауқымды мамандықтарды қамтиды.
Бүгінгі таңда бұл мамандықтар сұранысқа ие әрі шығармашылық тұрғыдан қызықты болып саналады.
Кафедра келесі білім беру бағдарламалары бойынша дипломды мамандар даярлайды:
07320100
Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану
07320300
Ғимараттарды жобалау мен пайдаланудың автоматтандырылған жүйелері
01140500
Кәсіптік оқыту (салалары бойынша)
Біздің мамандықтарды таңдай отырып, сіз жеңіл өнеркәсіп саласында сауаттылықтың, табыстың және мойындалудың биік шыңына жетесіз! Сіздерге табысты оқу мен кәсіби өсу тілеймін!
КАФЕДРАНЫҢ МАҚСАТЫ
Кафедраның негізгі мақсаты – бәсекеге қабілетті, кәсіби құзыретті, заманауи еңбек нарығы талаптарына сай мамандарды даярлау. Бұл мамандар Қазақстанның ғылыми-технологиялық және экономикалық әлеуетін тиімді пайдалана отырып, ұлттық және халықаралық нарықтарға интеграция жасауға қабілетті болуы тиіс.
Кафедра оқытушылары студенттерге кәсіби құзыреттерді қалыптастыруға бағытталған:
-
- шешім қабылдау және талдау жасау қабілеті;
- командалық жұмыста тиімді әрекет ету;
- өндірістік және құрылыс процестерін басқару;
- үздіксіз кәсіби өсу мен өзін-өзі жетілдіруге ұмтылу.
Оқу процесін аяқтаған соң түлектер құрылыс жобаларын орындау, техникалық қызмет көрсету және өндірістік процестерді басқару салаларында жұмыс істеуге дайын болады және мемлекеттік үлгідегі диплом алады.
КАФЕДРАНЫҢ ТАРИХЫ
1935 жыл
«Құрылыс, кәсіптік оқыту және техникалық пәндер» кафедрасының тарихы тереңде. Колледж құрылған 1935 жылдан бастау алады. Және содан бері кафедра атауы әлде неше рет өзгертілгенімен, негізгі оқыту бағыты мен мамандықтары осы күнге дейін сақталған. Кафедра колледжінің ұйымдық құрылымын оңтайландыру, басқару тиімділігін арттыру және жоғары білікті мамандар даярлау ісіне жаңа серпін беру мақсатында құрылған.
Кафедраның стратегиялық бағыты
«Құрылыс, кәсіптік оқыту және техникалық пәндер» кафедрасының стратегиялық даму бағыты – заманауи еңбек нарығы талаптарына сәйкес келетін, бәсекеге қабілетті, кәсіби құзыретті және инновациялық ойлайтын мамандарды даярлаудың сапасын қамтамасыз етуге бағытталған.
Кафедра қызметінің басым бағыттары:
- құрылыс саласы мен техникалық бағыттағы білім беру бағдарламаларын жетілдіру;
- өндіріс пен білім беру арасындағы байланысты нығайту;
- дуальды оқыту элементтерін дамыту;
- заманауи цифрлық технологияларды (BIM, CAD бағдарламалары) оқу үдерісіне енгізу;
- ғылыми-зерттеу және тәжірибелік жобаларды қолдау;
- студенттердің кәсіби және педагогикалық құзыреттілігін қалыптастыру.
Кафедраның негізгі мақсаты – құрылыс саласында, кәсіптік білім беру жүйесінде және техникалық бағытта табысты еңбек ете алатын, үздіксіз кәсіби дамуға дайын мамандарды қалыптастыру.
Кафедра жетістіктері
Кафедраның оқытушылар құрамы жыл сайын біліктілігін арттырудан өтіп, жетекші өндірістерде, ғылыми орталықтарда және Қазақстанның, сондай-ақ жақын және алыс шетелдердің жоғары оқу орындарында ғылыми тағылымдамалардан өтеді. Тағылымдамалар географиясына Ресей, Өзбекстан, Италия, Ұлыбритания, Германия, Оңтүстік Корея, Болгария, Қытай және Шанхай қаласы кіреді.
Кафедраның оқытушылар құрамы жыл сайын біліктілігін арттыру курстарынан өтеді және Жетісу облысындағы жетекші өндірістерде тағлымдамадан өтеді. Жыл сайын республикалық және аймақтық деңгейдегі Worldskills байқауларына қатысып тұрады.
