«Ұшқышсыз және ақпараттық технологиялар» кафедрасы
Кафедра меңгерушісі
ТЕН
Ольга Сергеевна
Құрметті келуші!
№6 «Ұшқышсыз және ақпараттық технологиялар» кафедрасы – біздің кафедра компьютерлік желілерді жобалау, әкімшілендіру және қорғау саласында мамандар даярлайды. Цифрлық трансформация және ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы жағдайында киберқауіпсіздік ең сұранысқа ие әрі стратегиялық маңызды салалардың біріне айналуда.
Студенттер жергілікті және жаһандық желілерді құруды, серверлік жүйелерді баптауды, желілік жабдықтарды әкімшілендіруді, ақпаратты қорғау әдістерін, кибершабуылдарды анықтау мен алдын алуды, криптографияны, бұлттық технологияларды және этикалық хакерлік негіздерін меңгереді.
Кафедра болашақ желілік инженерлерді, жүйелік әкімшілерді, ақпараттық қауіпсіздік мамандарын, киберқорғау сарапшыларын, сондай-ақ цифрлық дизайн және мультимедиялық технологиялар саласындағы кәсіби мамандарды даярлайды.
Сонымен қатар, кафедра базасында Cisco Networking Academy жұмыс істейді, бұл студенттерге желілік технологиялар саласында халықаралық деңгейдегі білім мен практикалық дағдылар алуға, Cisco бағдарламалары бойынша оқудан өтуге және еңбек нарығында өз бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.
Кафедра келесі білім беру бағдарламалары
бойынша дипломды мамандарды даярлайды:
06120100
«Есептеу техникасы және ақпараттық желілер
(түрлері бойынша)»
06120200
«Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері»
КАФЕДРАНЫҢ МАҚСАТЫ
Оқытушылар құрамының кәсіби шеберлігін арттыру, заманауи киберқауіпсіздік технологияларын оқу процесіне енгізу және
студенттердің тұрақты тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру.
КАФЕДРАНЫҢ МІНДЕТТЕРІ
Білім беру бағдарламаларын еңбек нарығы талаптарына сәйкес жаңарту
Желілік технологиялар
мен киберқауіпсіздік бойынша зертханалық базаны дамыту
Студенттерді халықаралық
сертификаттауға
(CCNA, CEH және т.б.)
даярлау
Хакатондарға, CTF турнирлеріне және кәсіби байқауларға қатысу
Ғылыми-зерттеу қызметін дамыту
IT компаниялармен және ұйымдармен ынтымақтастық орнату
Кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізу
КАФЕДРАНЫҢ ТАРИХЫ
2022 жыл
«Желілік технологиялар және киберқауіпсіздік» кафедрасы 2022 жылдан бастап өз жұмысын бастады. Кафедра ақпараттық қауіпсіздік саласында бәсекеге қабілетті мамандар даярлау және заманауи цифрлық инфрақұрылымды дамыту мақсатында құрылған.
Құрылған сәттен бастап кафедра инновациялық оқыту әдістерін, тәжірибеге бағытталған білім беру жүйесін және халықаралық стандарттарға сай заманауи технологияларды енгізіп келеді.
Бүгінде кафедра түлектері IT компанияларда, телекоммуникациялық ұйымдарда, қаржы секторында, мемлекеттік мекемелерде және ақпараттық қауіпсіздік қызметтерінде табысты еңбек етуде.
НЕГІЗГІ ДАЯРЛЫҚ БАҒЫТТАРЫ
Компьютерлік желілерді жобалау және әкімшілендіру
Ақпараттық қауіпсіздік
Кибершабуылдардан қорғану әдістері
Криптография және деректерді қорғау
Этикалық хакерлік
Бұлтты технологиялар және виртуализация
Желілік құрылғыларды баптау және қызмет көрсету
СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒЫТЫ
Кафедраның стратегиялық мақсаты – желілік технологиялар мен киберқауіпсіздік саласында заманауи ақпаратты қорғау құралдарын меңгерген және цифрлық әлемнің қарқынды өзгерістеріне бейімделе алатын мамандарды сапалы даярлау.
Кафедра жетістіктері
- Студенттердің аймақтық және республикалық IT байқауларға қатысуы;
- Киберқауіпсіздік бойынша шеберлік сабақтары мен семинарлар ұйымдастыру;
- Оқытушылардың біліктілігін арттыру;
- Ақпараттық қауіпсіздік саласында оқу және ғылыми жобаларды жүзеге асыру.
«Желілік технологиялар және киберқауіпсіздік» кафедрасы – цифрлық болашақтың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мамандар даярлайтын білім ордасы.
Кафедраның жобалары
- Jetisudigital ұйымдастырған республикалық хакатон.
- Auyil Party және Acapedia Kazakhstan Limited ұйымдастырған Агро-Хакатонға SkyTech командасының қатысуы.
- Jetisudigital ұйымдастырған PizzaPitch стартаптар байқауы.
- Білім басқармасымен және Талдықорған жоғары политехникалық колледжімен бірлескен «Мен кәсіпкермін» стартап жобасы.
- Jetisudigital ұйымдастырған DevFest аясындағы CanvaContest байқауы.
- Jetisudigital ұйымдастырған FigmaContest байқауы.
- «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында өткен «ЭКО SANA» іс-шарасы.
- Jetisudigital ұйымдастырған «AITU-KazRoboDrone» байқауы.






