Жұмысшы біліктілігі

Жұмысшы біліктілігі — бұл студенттің оқу барысында меңгерген кәсіби дағдылары мен қабілеттерін растайтын құжат. Жұмысшы біліктілігін алу түлектің еңбек нарығына сенімді шығып, өндірістік міндеттерді қазіргі талаптарға сай орындауына мүмкіндік береді.

Жұмысшы біліктілігін берудің мақсаты

  • практикалық кәсіби дағдыларды қалыптастыру;
  • бәсекеге қабілетті мамандар даярлау;
  • еңбек нарығы мен салалық стандарттардың талаптарына сәйкестікті қамтамасыз ету;
  • түлектердің жұмыспен қамтылу деңгейін арттыру.

Мамандықтар бойынша берілетін жұмысшы біліктіліктер (3W)

Талдықорған жоғары политехникалық колледжінде студенттерге келесі жұмысшы біліктіліктер берінеді:

  • 3W02110301 — Графикалық жұмыстар орындаушысы
    Мамандығы: «Графикалық және мультимедиялық дизайн»
  • 3W06130102 — Web-дизайнер
    Мамандығы: «Программалық қамтамасыз ету

Жұмысшы біліктілігін беру шарттары

Жұмысшы біліктілігі студентке келесі талаптар орындалғанда беріледі:

  • кәсіби модульдерді табысты меңгеру;
  • өндірістік тәжірибеден өту;
  • практикалық тапсырмалар арқылы құзыреттерді растау;
  • аралық аттестацияны немесе демонстрациялық емтиханды (болған жағдайда) тапсыру.

Оқу нәтижелері

Жұмысшы біліктілігін алған студент:

  • таңдаған бағыты бойынша негізгі және кәсіби операцияларды орындай алады;
  • заманауи жабдықтармен, құралдармен және технологиялармен жұмыс істей алады;
  • техникалық құжаттаманы оқып, қолдана алады;
  • еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарын сақтайды;

кәсіби қызмет аясында дербес шешім қабылдайды.

Колледждің серіктестері

Студенттердің кәсіби дайындығын арттыру мақсатында колледж Жетісу облысының жетекші ұйымдары және кәсіпорындарымен ынтымақтасады. Студенттер өндірістік тәжірибеден өтіп, әрі қарай жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болады.

Құжаттар

Бағдарламаны сәтті аяқтаған студентке жұмысшы біліктілігін беру туралы куәлік табысталады.

Scroll to Top