Инклюзия және тең мүмкіндіктер

инклюзивті білім беру жүйесі

Талдықорған жоғары политехникалық колледжінде 2018 жылдан бастап инклюзивті білім беру жүйесі қалыптасып келеді. Колледжде ерекше білім беруді қажет ететін студенттерге сапалы білім алуына және жеке ерекшеліктерін ескере отырып дамуына барлық қажетті жағдай жасалған. Қазіргі таңда оқу орнымызда зиятының жеңіл бұзылысы бар, сондай-ақ нашар еститін және естімейтін студенттер білім алуда.

2025–2026 оқу жылында ерекше білімді қажет ететін 38 студент келесі мамандықтар бойынша білім алуда:

  • 02110304 – Графикалық дизайн
  • 06130100 – Бағдарламалық қамтамасыздандыру
  • 02110301 – Графикалық жұмыстарды орындаушы

Инклюзивті білім беру үдерісін сапалы жүзеге асыру мақсатында колледжде арнайы педагог, сурдоаудармашылар, педагог-ассистенттер қызмет атқарады. Олар студенттердің оқу бағдарламасын меңгеруіне, әлеуметтік бейімделуіне және кәсіби дағдыларын дамытуына қолдау көрсетеді.

Колледж басшылығы мен педагогикалық ұжым инклюзивті білім берудің сапасын арттыруға, оқу ортасын жетілдіруге және ерекше білімді қажет ететін студенттердің әлеуетін толық ашуға бағытталған жұмыстарды одан әрі жалғастыруда.

оқытушылар құрамы

Арнайы педагог — Сағынбекова Құндыз Мықтыбекқызы

Педагог-модератор

Еңбек өтілі 6жыл

 

Сурдоаудармашы — Касимханов Ануар Жанабекович

Педагог-модератор

Еңбек өтілі 7жыл

 

Педагог-ассистент — Альбиланова Айдана Эрмековна

Педагог

Еңбек өтілі 3жыл

Ерекше білім беруді қажет ететін білімгерлердің ПМПК қортындылары мен ұсынымдарын зерделеу жұмыстары

2025–2026 оқу жылының 2–20 қыркүйек аралығында ерекше білім беруді қажет ететін білім алушылардың ПМПК қорытындылары мен ұсынымдарын зерделеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, олардың ерекше білім беру қажеттіліктерін терең зерттеу және бағалау мақсатында сабақтарға қатысу жұмыстары ұйымдастырылды.

Зерделеу барысында келесі критерийлер қарастырылды:

  • оқу әрекетіне қатысу белсенділігі мен ынтасы;
  • оқу материалын қабылдау, түсіну және меңгеру деңгейі;
  • сөйлеу және коммуникациялық дағдыларының дамуы;
  • эмоционалдық және мінез-құлық ерекшеліктері;
  • топтағы әлеуметтік бейімделуі мен құрдастарымен өзара қарым-қатынасы;
  • өзіндік жұмыс жасау және тапсырмаларды орындау қабілеті;
  • педагогикалық қолдауға деген қажеттілік деңгейі.

Зерделеу нәтижелері мен жүргізілген сабақтарға қатысу талдауы негізінде ерекше білім беруді қажет ететін білім алушылардың білім алу процесін тиімді ұйымдастыру мақсатында келесі ұсыныстар берілді:

  1. Педагогикалық қолдауды күшейту, сабақ барысында қосымша түсіндіру, қайталау, практикалық тапсырмаларды көбейту арқылы оқу материалын меңгеруді жеңілдету;
  2. Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу жұмыстарын жүйелі жүргізу, соның ішінде дефектолог және психолог мамандардың көмегін қамтамасыз ету;
  3. Инклюзивті орта қалыптастыру, яғни топтағы өзара сыйластық пен түсіністік атмосферасын нығайту, құрдастар арасындағы әлеуметтік қарым-қатынасты дамыту;
  4. Ата-аналармен ынтымақтастықты күшейту, олардың баласының оқу ерекшеліктері мен қажеттіліктері туралы ақпараттандыру және бірлескен қолдау көрсету;
  5. Оқу үдерісін бейімдеу, көрнекі материалдар, бейімделген тапсырмалар мен заманауи цифрлық ресурстарды пайдалану арқылы білім сапасын арттыру.

III Республиканский инклюзивный конкурс «DEAF MADE» среди обучающихся с нарушением слуха, организованный Управлением образования города Алматы

Цель

Цель фестиваля – поддержка и развитие творчества, художественно-эстетического развития и воспитания обучающихся с нарушениями слуха, ознакомление их с ценностями казахстанской культуры и искусства, создание и развитие доступного, безбарьерного образовательного пространства для обучающихся с нарушениями слуха.

задачи

  • Пробудить интерес учащихся данной категории к современным формам организации творческой деятельности, включая профориентацию;
  • Способствовать личностному самоопределению, поддержке и поощрению одарённых детей данной категории;
  • Развивать творческий потенциал и личностные качества, необходимые для успешной социализации в современном обществе;
  • Формировать навыки взаимодействия в группе, быстрого анализа проблем и осознанного принятия решений.

Номинации фестиваля

Фестиваль проводился по следующим направлениям творчества:

  1. Самопрезентация коллектива «Наша марка»
  2. Хореография «Овация», современный танец или аэробика
  3. Жестовая песня «Экстрабилити»
  4. Театр моды «Современный этно-стиль»

В 2025-2026 учебном году в Талдыкорганском высшем политехническом колледже под руководством специального педагога Сагинбековой Кундыз Мыктыбековны и сурдопереводчика Касымханова Ануара Жанабековича студенты 1-2 курсов:

  1. Алдекен Айкумис Куатовна — студентка группы ГД-511б
  2. Амирханова Акерке Жасулановна — студентка группы ГД-511б
  3. Наби Мадихан Мухтарулы — студент группы ГД-511б
  4. Майлау Аян Бакытулы — студент группы ГД-511б
  5. Зейнекябыл Алинур Мухитулы — студент группы ГД-511б
  6. Абдраимов Умар Бекболотович — студент группы ГД-413б

Алдекен Айкумис Куаткызы заняла 3 место в командной игре на республиканском фестивале, а также за активное участие в номинации «Голос поколения». Остальные наши участники получили специальные сертификаты и «бронзовые медали».

Scroll to Top