Халықаралық NCCER аккредитациясы
Талдықорған жоғары политехникалық колледжі — Қазақстандағы техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі (ТжКБ) NCCER (National Center for Construction Education and Research, АҚШ) халықаралық салалық аккредитациясынан сәтті өткен тұңғыш оқу орны.
Халықаралық аккредитацияның мақсаты мен маңызы
NCCER аккредитациясының басты мақсаты — мамандарды даярлау сапасын арттыру және олардың кәсіби құзыреттілігін халықаралық деңгейде мойындату.
Халықаралық аккредитация келесі мүмкіндіктерді ашады:
- Оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерінің кәсіби біліктілігін арттыру;
- Оқыту және студенттерді бағалау жүйесін халықаралық стандарттарға сәйкес жетілдіру;
- Түлектердің отандық және шетелдік компанияларда жұмысқа орналасу мүмкіндігін кеңейту;
- Шетелдік серіктестерді тарту және халықаралық жобаларға қатысу;
- Шетелдік және жергілікті кәсіпорындарда тәжірибеден өту базаларына қол жеткізу;
- Колледжді әлемнің көптеген елдерінде әрекет ететін NCCER халықаралық желісіне қосу;
- Аймақта қауіпсіз, өнімді және білікті жұмыс күшін қалыптастыру;
- Оқыту жүйесін одан әрі жетілдіру үшін танылған әлемдік стандарттарды енгізу;
- Жергілікті компанияларға ірі халықаралық инвестициялық жобаларға қатысу мүмкіндігін ұсыну.
Xалықаралық NCCER аккредитациясының кезеңдері
Аккредитация үдерісі бірнеше маңызды кезеңнен тұрады, олардың әрқайсысы NCCER талаптарына сәйкестікті дәлелдеуді қажет етеді:
I кезең — Колледж базасын талдау
Материалдық-техникалық база, оқу үдерісі, кадрлық әлеует және сапаны ішкі бақылау жүйесі бағаланады.
II кезең — «Applicant» (Өтініш беруші) мәртебесін алу
Колледж ресми өтініш береді және NCCER-дің негізгі критерийлеріне сәйкестігін дәлелдейді.
III кезең — «Candidate» (Кандидат) мәртебесін алу
Оқу бағдарламалары мен студенттерді бағалау жүйесі халықаралық талаптарға бейімделеді. Оқытушылар мен шеберлер NCCER бағдарламалары бойынша даярлықтан өтеді.
IV кезең — «Accredited Training Sponsor» (Аккредиттелген оқу орталығы) мәртебесін алу
Барлық кезеңдер сәтті аяқталғаннан кейін колледжге аккредиттелген орталық мәртебесі беріледі. Бұл мәртебе 1 жылдан 3 жылға дейін жарамды және NCCER бас кеңсесі жүргізетін аудит арқылы расталып отырады.
Білім беру бағдарламалары мен сертификаттау
Колледжде NCCER стандарттарына сәйкес оқу бағдарламалары жүзеге асырылады:
- 96 сағат теориялық сабақтар,
- 144 сағат тәжірибелік сабақтар.
2022-2023 оқу жылы NCCER Project Supervision модулі бойынша сертификациядан өткен колледж түлектері
| № | Аты-жөні | Жұмысқа орналасуы |
|---|---|---|
| 1 | Абдрахман Темірлан | «Orda Business Solutions» ЖК, Техникалық директор |
| 2 | Анарбек Әлия | «Саркан Саулет» ЖШС |
| 3 | Елубай Диас | «BA oilfield services» ЖШС, ӨТБ маманы |
| 4 | Есмағанбетов Саят | Қарағанды техникалық университетінің студенті, «Құрылыс» мамандығы бакалавриат |
| 5 | Жайсамбаева Мөлдір | «SOAN GRUP» ЖШС |
| 6 | Жетібай Аружан | «Жол құрылыс» ЖШС |
| 7 | Маратұлы Бауыржан | Коллекторлық агенттік |
| 8 | Мукһамбетов Еркебұлан | «Строй проект» ЖШС |
| 9 | Оразқан Құндыз | Бала күтімі бойынша демалыста |
| 10 | Рымжанова Ақмарал | Семей қаласы, Шәкәрім университеті, «Құрылыс» мамандығы бойынша бакалавр. ТЖПТК арнайы пән оқытушысы |
| 11 | Рыскелдиева Гүлнұр | Арна ауылының орта мектебі, зертханашы. Бала күтімі бойынша демалыста |
| 12 | Русланқызы Жанияра | «Жол құрылыс» ЖШС |
| 13 | Сейіт Әділет | «Тита» ЖШС, Техник-құрылысшы |
| 14 | Сманкулова Гүлзира | «Саркан Саулет» ЖШС |
| 15 | Тоқтарбеков Темірлан | «Семей құрылыс» ЖК, құрылысшы |
2024-2025 оқу жылы NCCER Project Supervision модулі бойынша сертификациядан өткен колледж студенттері мен бір түлектің тізімі
| № | Аты-жөні | Жұмысқа орналасуы |
|---|---|---|
| 1 | Баженова Вероника | ТЖПТК 3 курс студенті |
| 2 | Бигасимов Досжан | ТЖПТК 3 курс студенті |
| 3 | Болатбекқызы Шырын | ТЖПТК 3 курс студенті |
| 4 | Болатхан Темирлан | ТЖПТК 3 курс студенті |
| 5 | Ермек Аружан | ТЖПТК 3 курс студенті |
| 6 | Жумабаев Анвар | ТЖПТК 3 курс студенті |
| 7 | Камелов Жасулан | ТЖПТК 3 курс студенті |
| 8 | Кенжебергенқызы Еркежан | ТЖПТК 3 курс студенті |
| 9 | Красюкова Галина | ТЖПТК 3 курс студенті |
| 10 | Муссакулов Нурислам | ТЖПТК 3 курс студенті |
| 11 | Нурислам Асан | ТЖПТК 3 курс студенті |
| 12 | Сергеенко Даниил | ТЖПТК 3 курс студенті |
| 13 | Сырлыбек Ади | ТЖПТК 3 курс студенті |
| 14 | Турсынов Ерасыл | ТЖПТК 3 курс студенті |
| 15 | Ортова Айым | «Жетісу облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мұрағатында жұмыс жасайды |
NCCER сертификаттары түлектердің кәсіби дағдыларын растап, олардың Қазақстанда және шетелде жұмысқа орналасу мүмкіндігін арттырады.
Тәжірибе және ынтымақтастық
Талдықорған жоғары политехникалық колледжі халықаралық аккредитациядан өту тәжірибесімен еліміздегі басқа колледждермен белсенді бөлісіп келеді.
Бұл бағыттағы жұмыс серіктестік желіні кеңейтуге және халықаралық стандарттарды енгізуге мүдделі аймақтық оқу орындарының өзара ынтымақтастығын нығайтуға мүмкіндік берді.
Қорытынды
NCCER халықаралық аккредитациясы — бұл Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің білім беру сапасының жоғары деңгейін халықаралық деңгейде мойындату.
Бұл — Жетісу облысы мен еліміздің кәсіби, бәсекеге қабілетті және қауіпсіз еңбек әлеуетін қалыптастыруға бағытталған сенімді қадам.
