NCCER халықаралық аккредитациясы

2023 жылы Талдықорған жоғары политехникалық колледжі АҚШ-тағы NCCER (National Center for Construction Education and Research) халықаралық стандарттары бойынша аккредитациядан өткен Қазақстандағы алғашқы оқу орны атанды.

Бұл колледжге құрылыс саласы бойынша мамандарды халықаралық стандарттар негізінде даярлау және
сертификаттау құқығын берді.

Қазіргі уақытқа дейін 30 студент халықаралық сертификат алды, ал биылғы жылы тағы 15 студент оқуын жалғастыруда.

NCCER сертификаты әлемнің 70-тен астам елінде мойындалады, бұл өз кезегінде колледждің беделін арттырып, түлектердің шетелде жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін кеңейтті.

САЛАЛЫҚ АККРЕДИТАЦИЯ НӘТИЖЕЛЕРІ

  • 8 Сертификатталған педагог
  • 30 Сертификатталған түлек
  • 2 Аккредиттелген модуль
  • 15Білім алушы студент
  • 30 Колледж дипломын алды + NCCER сертификат

СЕРТИФИКАТТАЛҒАН ИНСТРУКТОРЛАРДЫ ДАЯРЛАУ БАҒДАРЛАМАСЫ (ICTP)

  • Instructor Certification Training Program (ICTP) – студенттерді NCCER стандартына сай бірыңғай оқу бағдарламалары арқылы оқытатын оқытушыларды даярлауға арналған бағдарлама.

  • Сонымен қатар колледжде Ұлттық сертификаттау және біліктілікті бағалау бағдарламасы (NCACP) жүзеге асырылады. Бұл бағдарлама аясында түрлі мамандандырылған оқу және сертификаттау курстары жүргізіледі.

  • Қорытынды модульде NCCER кәсіби оқыту және бағалау бағдарламаларын біріктірудің артықшылықтары талқыланады. Мұндай тәсіл жоғары кәсіби дайындық деңгейін және халықаралық деңгейде біліктілікті мойындауды қамтамасыз етеді.

«ЖОБА БАСШЫЛЫҒЫ» КУРСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

Төменде «Жоба басшылығы» (Project Supervision) оқу бағдарламасының модульдік құрылымы көрсетілген.

Оқуды төменнен жоғары қарай жүргізу ұсынылады, себебі әр кезеңде білім мен құзыреттер деңгейі арта түседі. Бағдарламаның жергілікті демеушісі модульдердің оқу ретін өзгерте алады.

БАҒДАРЛАМА БАРЫСЫНДА МЕҢГЕРІЛЕТІН ДАҒДЫЛАР

Бағдарлама аясында студенттер келесі кәсіби құзыреттерді меңгереді:

  • Құрылыс процесін басқару
  • Жобаны бақылау және үйлестіру
  • Команда жұмысын ұйымдастыру
  • Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету
  • Адамдармен тиімді қарым-қатынас орнату
  • Мәселелерді жылдам әрі нәтижелі шешу

БАҒДАРЛАМА МОДУЛЬДЕРІ

  • MT202-01 — Персоналды басқару және мәселені шешу
  • MT203-01 — Еңбек қауіпсіздігі
  • MT204-01 — Сапаны бақылау
  • MT205-01 — Келісімшарттар мен құрылыс құжаттамасы
  • MT206-01 — Құжат айналымы және смета жасау
  • MT207-01 — Жоспарлау және жұмыс кестесін құру
  • MT208-01 — Ресурстарды басқару және шығындар туралы хабардарлық

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САЛАЛЫҚ АККРЕДИТАЦИЯ ҚАНДАЙ МҮМКІНДІКТЕР БЕРЕДІ?

  • Колледж оқытушыларының кәсіби біліктілігін арттыру;
  • Оқыту және түлектерді бағалау стандарттарын халықаралық үздік тәжірибелер негізінде жетілдіру;
  • Түлектерді Қазақстан мен шетелдегі халықаралық компанияларға жұмысқа орналастыру мүмкіндігі;
  • Колледжбен әріптестік орнатуға шетелдік серіктестерді тарту;
  • Шетелдік және жергілікті серіктестердің тәжірибеден өту базаларына қол жеткізу;
  • NCCER-дің әлем бойынша кең клиенттік базасына қатысу мүмкіндігі;
  • Аймақтағы қауіпсіз, өнімді және сенімді жұмыс күшін қалыптастыру және дамыту;
  • NCCER және басқа да мойындалған стандарттарды енгізу арқылы оқыту жүйесін жетілдіру;
  • Жергілікті серіктестер мен компанияларға халықаралық инвестициялары бар ірі жобаларға қатысу мүмкіндігін ұсыну.

Правила публикации комментариев

Убедительно просим всех пользователей соблюдать правила общения на данной площадке.

Комментарии от анонимных пользователей не публикуются.

Комментарий может быть отклонён, если он:

  • содержит оскорбления, угрозы, разжигает ненависть или дискриминацию по расовому, этническому, половому, религиозному или социальному признаку;
    • нарушает права и интересы третьих лиц, включая несовершеннолетних;
    • содержит персональные данные третьих лиц без их согласия;
    • носит рекламный характер, содержит спам или ссылки на сторонние ресурсы с коммерческим содержанием;
    • противоречит действующему законодательству Республики Казахстан;
    • содержит нецензурную лексику, непристойные выражения или завуалированные формы таких выражений;
    • содержит личные жалобы, просьбы или обращения, требующие индивидуального рассмотрения;
    • оформлен в виде петиции или массового обращения;
    • не несёт смысловой нагрузки, является флудом или повторяющимися сообщениями;
    • трудно читаем или не поддаётся пониманию;
    • полностью или преимущественно написан заглавными буквами;
    • не структурирован (отсутствуют предложения, логика изложения).

Просим соблюдать нормы грамотности и уважительного общения. Комментарии, не соответствующие данным требованиям, могут быть удалены независимо от их содержания.

В случае систематического нарушения правил доступ к публикации комментариев может быть ограничен.

Scroll to Top