«Жас Маман» жобасын жүзеге асыру

«ЖАС МАМАН» ЖОБАСЫ ДЕГЕН НЕ?

Бұл-Тұңғыш Президент Н. Ә.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша 2019 жылғы 23 қаңтарда, Жастар жылы аясында іске қосылған Қазақстанның мемлекеттік бастамасы.
Операторлардың бірі — «Talap» КЕАҚ («Кәсіпқор»Холдингі).
Мақсаты: 180 колледжді және 20 жоғары оқу орнын ~100 аса сұранысқа ие мамандық бойынша жаңғырту, білікті мамандарды даярлау кезінде халықаралық тәжірибе мен стандарттарды енгізу.

БІЗДІҢ КОЛЛЕДЖДЕ "ЖАС МАМАН" ЖОБАСЫ АЯСЫНДА НЕ ІСТЕЛДІ?

Талдықорған жоғары политехникалық колледжі келесі бағыттар бойынша қатысады:

  • IT-технологиялар;
  • Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық.

ҚҰЗЫРЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ

Бағыттар бойынша құзыреттілік орталықтары құрылды:

  • Ақпараттық технологиялар
  • Радиоэлектроника
  • Құрылыс және коммуналдық шаруашылық.

Колледж халықаралық стандарттарға сәйкес келетін, соның ішінде WorldSkills құзыреті үшін заманауи жабдықтар сатып алды.

Scroll to Top