«Тіл білімі және қоғамдық-гуманитарлық» пәндері кафедрасы

Кафедра меңгерушісі

КАМАРОВА
Гульжан Каптагаевна

Құрметті келуші!

«Тіл білімі және қоғамдық-гуманитарлық пәндер» кафедрасы – тіл білімі, әдебиеттану, тарих, қоғамтану, экономика сияқты ғылым салалары бойынша білім беру мен ғылыми-зерттеу жұмыстарын үйлестіретін құрылымдық бөлімше.

Тіл білімі және қоғамдық гуманитарлық пәндер кафедрасында жоғары білікті, тәжірибелі және шығармашыл оқытушылар құрамы еңбек етеді. Кафедра ұжымы білім беру үдерісін заманауи талаптарға сай ұйымдастырып, білім алушылардың тілдік, коммуникативтік және әлеуметтік құзыреттерін дамытуға бағытталған жүйелі жұмыс жүргізеді.

Оқытушылар оқу сабақтарында инновациялық педагогикалық технологияларды, цифрлық білім беру, жасанды интеллект ресурстарын және инклюзивті оқыту әдістерін тиімді қолданады.

Кафедра оқытушылары оқу-әдістемелік және тәрбие, жобалау жұмыстарын қатар алып жүріп, студенттердің жан-жақты дамуына ықпал етеді. Студенттерге мемлекеттік, орыс және шетел тілдерін меңгертіп, сондай-ақ қоғамдық-гуманитарлық пәндер арқылы олардың дүниетанымын кеңейтеді, сыни ойлау қабілетін дамыта отырып, рухани-адамгершілік және азаматтық ұстанымдарын қалыптастырады.

кафедрасының мақсаты

Білім алушылардың тілдік, коммуникативтік және әлеуметтік-гуманитарлық құзыреттерін қалыптастыру арқылы кәсіби бәсекеге қабілетті, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды меңгерген, сыни ойлайтын тұлға тәрбиелеу.

Кафедра тарихы

1998-1999 жыл

«Тіл білімі және қоғамдық-гуманитарлық пәндер» кафедрасы – тіл білімі, әдебиеттану, тарих, қоғамтану, жкономика сияқты ғылым салалары бойынша білім беру мен ғылыми-зерттеу жұмыстарын үйлестіретін құрылымдық бөлімше.

Заман талабына сай ағылшын тілін оқыту мамандығын дайындау ісі 1998-1999 оқу жылынан басталды.
2000-2001 оқу жылында колледж кеңесі шешімімен «Ағылшын тілі» кафедрасы құрылды. 2006-2007 оқу жылында ағылшын тілі кафедра оқытушылары қазақ және орыс тілі оқытушыларымен біріктіріліп, «Тілтану» кафедрасы болып аталды.

Әр жылдары кафедра меңгерушілігі міндетін Н.П.Әлібаева, К.О.Ещанова, Бекболғанов Е.Ж., Е.С.Ким, Г.Т.Тұрысбекова, Мұқанқызы Н., Жунисова А.С., Садвакасова М.Н., Садыкбаева Т.Т., К.Б.Акашева, Г.Қ.Қамарова атқарды.

Кафедра қызметі білім беру сапасын арттыруға, оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жетілдіруге, инновациялық және цифрлық технологияларды білім беру үдерісіне тиімді енгізуге бағытталады.

Кафедра қызметінің стратегиялық бағыты

Білім алушылардың тілдік, коммуникативтік және әлеуметтік-гуманитарлық құзыреттерін дамыту
 арқылы бәсекеге қабілетті, ұлттық құндылықтарды құрметтейтін, заманауи талаптарға бейім тұлға қалыптастыру.

Кафедра жетістіктері

Тіл білімі және қоғамдық гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушылары білім беру, ғылыми-зерттеу және оқу-әдістемелік қызметте жоғары нәтижелер көрсетіп келеді. Оқытушылар ұжымы кәсіби шеберлігін үнемі жетілдіріп, білім беру үдерісіне инновациялық тәсілдерді енгізуде белсенділік танытады. Атап айтсақ:

    • Республикалық және халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға тұрақты қатысуда
    • Ғылыми журналдарда мақалалардың жариялануда
    • Авторлық оқу бағдарламалары, әдістемелік құралдар және тапсырмалар жинақтарын әзірлеуде
    • Педагогикалық шеберлік байқауларында жүлделі орындар алуда
    • Біліктілікті арттыру курстарынан жүйелі өту және сертификаттар алуда
    • Инклюзивті білім беру бағытында тәжірибе таратуда
    • Студенттердің ғылыми жобалары мен олимпиадалардағы жоғары нәтижелеріне жетекшілік етуде
    • Цифрлық білім беру ресурстарын (ЖИ, онлайн платформалар) сабақта тиімді қолдану.

Кафедра оқытушыларының кәсіби жетістіктері білім сапасының артуына, студенттердің оқу жетістіктерінің жақсаруына және білім беру ұйымының беделінің көтерілуіне оң ықпал етуде.

Правила публикации комментариев

Убедительно просим всех пользователей соблюдать правила общения на данной площадке.

Комментарии от анонимных пользователей не публикуются.

Комментарий может быть отклонён, если он:

  • содержит оскорбления, угрозы, разжигает ненависть или дискриминацию по расовому, этническому, половому, религиозному или социальному признаку;
    • нарушает права и интересы третьих лиц, включая несовершеннолетних;
    • содержит персональные данные третьих лиц без их согласия;
    • носит рекламный характер, содержит спам или ссылки на сторонние ресурсы с коммерческим содержанием;
    • противоречит действующему законодательству Республики Казахстан;
    • содержит нецензурную лексику, непристойные выражения или завуалированные формы таких выражений;
    • содержит личные жалобы, просьбы или обращения, требующие индивидуального рассмотрения;
    • оформлен в виде петиции или массового обращения;
    • не несёт смысловой нагрузки, является флудом или повторяющимися сообщениями;
    • трудно читаем или не поддаётся пониманию;
    • полностью или преимущественно написан заглавными буквами;
    • не структурирован (отсутствуют предложения, логика изложения).

Просим соблюдать нормы грамотности и уважительного общения. Комментарии, не соответствующие данным требованиям, могут быть удалены независимо от их содержания.

В случае систематического нарушения правил доступ к публикации комментариев может быть ограничен.

Scroll to Top