Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің информатика пән оқытушысы, Әділханова Г.М. 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіз елдің ұрпағымыз!» тақырыбында ашық топ сағатын өткізді. 16 желтоқсан – Қазақстан Тәуелсіздігі күніне арналған топ сағаты барысында студенттер еліміздің тарихы, тәуелсіздікке жету жолы және оның бүгінгі ұрпақ үшін маңызы туралы терең түсінік алды.
Іс-шара барысында олар: Желтоқсан оқиғасының мәні мен маңыздылығына шолу жасады, Тәуелсіздік жолында күрескен жастардың ерлігі мен қайсарлығын түсініп, патриоттық сезімдерін күшейтті. Топпен жұмыс жасай отырып, бір-бірімен пікір алмасу, бірлесіп шешім қабылдау, идея ұсыну дағдыларын дамытты. Өз ойларын ашық айту, талдау, дәлелдеу қабілеттерін жетілдірді. Іс-шара барысында шығармашылық жұмыстар орындап, өз қиялы мен өнерін көрсетуге мүмкіндік алды.Рухани-адамгершілік тәрбие алып, азаматтық жауапкершілік пен ұлттық рухты терең сезінді. Көрсеткен біліктіліктері мен білімінің арқасында орындарға ие болып, марапатталды.
Топ сағаты студенттерге тек тарихи мағлұмат қана емес, ұлттық рухты көтеретін, патриоттық сана қалыптастыратын, ел болашағы үшін жауапкершілік сезімін арттыратын маңызды тәрбие сағаты болды.
информатика пән оқытушысы: педагог-модератор Әділханова Гүлжан Мұхтарқызы

