Ата-аналар комитеті
Мақсаты
Ата-аналар комитеті – колледж бен ата-аналар арасындағы өзара түсіністік пен серіктестік орнатуға бағытталған қоғамдық ұйым. Комитеттің негізгі міндеті – білім алушылардың оқу-тәрбие үдерісіне ата-аналарды белсенді қатыстыру, оқу ортасында қолайлы ахуал қалыптастыру және студенттердің жеке тұлғалық дамуына қолдау көрсету.
Міндеттері
- Колледждің тәрбие және оқу үдерісін жетілдіруге атсалысу;
- Студенттердің тәртібі мен оқу үлгеріміне ата-аналар тарапынан бақылау орнату;
- Оқу ордасында өткізілетін іс-шараларға ата-аналарды тарту;
- Әлеуметтік жағдайы төмен, жетім және қамқорлықсыз қалған студенттерге қолдау көрсетуге қатысу;
- Колледж әкімшілігімен бірлесе отырып, студенттердің қауіпсіздігі мен тәртібін қамтамасыз етуге бағытталған ұсыныстар енгізу;
- Ата-аналар мен педагогтар арасындағы өзара байланысты нығайту.
Комитет қызметі – ерікті негізде жүзеге асырылады және колледждің педагогикалық кеңесімен, студенттермен және әкімшілік құрылымдарымен тығыз байланыста жұмыс істейді.
