Тәжірибелік және өндірістік қызмет

Колледж туралы

Талдыкорған жоғары политехникалық колледжі – техникалық және кәсіптік білім берудің заманауи орталығы, еңбек нарығының сұранысына сай білікті мамандар даярлайтын оқу орны. Колледж түлектерінің еңбекпен қамтылу деңгейі 95% құрайды.

Бүгінде 100-ден астам серіктес кәсіпорындармен тұрақты әріптестік орнатылған.
Студенттер дуалды оқыту жүйесі арқылы теорияны өндірістік тәжірибемен ұштастырып, кәсіби дағдыларын нақты ортада дамытып келеді.

Дуалды оқыту аясындағы негізгі 5 стратегиялық серіктес«Қазақтелеком», «ТАТЭК», «GO Print», «Сенім жоба» және «Қазпочта» компаниялары. 2024–2025 оқу жылында осы жүйе бойынша 498 студент білім алуда, олардың шамамен 150-ге жуығы серіктес кәсіпорындарда табысты еңбек етіп жүр.

Мақсаты:

  • Теориялық білімді іс жүзінде қолдану;
  • Өндірістік ортада кәсіби дағдылар мен жауапкершілікті қалыптастыру;
  • Дуалды оқыту жүйесі арқылы колледж бен кәсіпорын арасындағы серіктестікті дамыту.

Өндірістік тәжірибенің түрлері:

  1. Оқу практикасы – бастапқы кәсіби дағдыларды қалыптастыру кезеңі.
  2. Өндірістік тәжірибе – нақты кәсіпорындарда кәсіби міндеттерді орындау.
  3. Қорытынды (біліктілік) практика – мамандық бойынша түйінді тәжірибені бекіту және қорытынды аттестацияға дайындық кезеңі.

Дуалды оқыту үшжақты келісімшарт (колледж + кәсіпорын + студент) негізінде ұйымдастырылады. Өндіріс базасында студентке өндірістік жетекші, ал колледж тарапынан әдіскер мен оқытушы жетекші бекітіледі.

Ұйымдастыру ерекшеліктері:

  • Практика оқу жоспары мен бекітілген кестеге сәйкес өткізіледі;
  • Студент өндірістік тәртіп пен қауіпсіздік ережелерін сақтауға міндетті;
  • Дуалды оқыту жүйесі шеңберінде студенттер кәсіпорында аптасына бірнеше күн жұмыс істей алады.

Практиканың маңызы:

Практика студенттерге кәсіби тәжірибе жинауға, еңбек ұжымында жұмыс мәдениетін меңгеруге және болашақ мамандығын саналы таңдауға мүмкіндік береді.
Кәсіпорындар үшін бұл – әлеуетті кадрларды ерте кезеңде дайындау, ал колледж үшін – білім сапасын арттыру және теория мен практиканы ұштастырудың тиімді тәсілі.

Scroll to Top