ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ
Мақсаты
Білім беру процесіне қатысушылардың психологиялық денсаулығын сақтау және нығайту, буллингтің алдын алу, жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру және оқу процесінің барлық қатысушыларына психологиялық қолдау көрсету.
Міндеттері
- Білім алушылардың тұлғалық және зияткерлік дамуына ықпал ету, өзін-өзі тәрбиелеу және өзін-өзі дамыту қабілетін қалыптастыру;
- Білім алушыларға ақпараттық қоғамның жылдам дамуында олардың табысты әлеуметтенуіне психологиялық тұрғыдан жәрдем көрсету;
- Білім алушылардың тұлғасын психологиялық-педагогикалық зерделеу негізінде әрбір білім алушыға жеке тұрғыдан ықпал ету;
- Психологиялық диагностиканы жүргізу және білім алушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту;
- Психологиялық қиыншылықтар мен білім алушылардың проблемаларын шешу бойынша психологиялық түзету жұмыстарын жүзеге асыру;
Қызмет құрамы
Айжан Махсутовна — педагог-модератор. Мак-карта мен арт-терапияның тәжірибелі қолданушысы. Педагогикалық-психологиялық тәжірибесі — 20 жыл.
Бахытжан Аскаровна — шетелдік оку тәжірибесі бар білікті маман. Педагогика ғылымдарының магистрі.
Таймасова Айгерім Оражанқызы — әлеуметтік педагог.
Еңбек өтілі — 4 жыл.
Біліктілік санаты — педагог-модератор.
«Практик-психологтың жұмысында қолданылатын проективті әдістер» және «Метафоралық ассоциативтік карталар» бойынша сертификаттарға ие.
Айдарханова Назым Кумархановна — әлеуметтік педагог.
Еңбек өтілі — 20 жыл 10 ай.
