Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің бастауыш кәсіподақ ұйымы
Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің бастауыш кәсіподақ ұйымы — колледж қызметкерлерінің, әлеуметтік-еңбек құқықтары мен кәсіби мүдделерін қорғауды мақсат еткен қоғамдық ұйым. Яғни, бұл – кәсіподақ ұйымының негізгі құрылымдық бөлігі, ол тікелей жұмыс орнында қызметкерлердің мүддесін қорғайды.
Бастауыш кәсіподақ ұйымы – колледж ұжымындағы кәсіподақ мүшелерінің мүдделерін білдіретін және қорғайтын негізгі буын. Ұйым жұмысы демократиялық қағидаға сүйеніп, кәсіподақ жиналысында сайланған мүшелер арқылы ұйымдастырылады.
Бастауыш кәсіподақ ұйымының негізгі мақсаттары мен міндеттері
- Кәсіподақ мүшелерінің жеке және ұжымдық әлеуметтік-еңбек, кәсіби, экономикалық және өзге де құқықтары мен мүдделеріне өкілеттік ету және қорғау;
- Кәсіподақтың және оның еңбек ұжымындағы мүшелік ұйымдарының міндеттерін жүзеге асыру болып табылады.
Бастауыш кәсіподақ ұйымы қызметінің негізгі принциптері
- Шешім қабылдауда Кәсіподақ Жарғысының ережелеріне басымдық беру;
- Кәсіподаққа кіру мен оның қатарынан шығу еріктілігі, кәсіподақ мүшелерінің құқылары мен міндеттерінің теп-теңдігі;
- Кәсіподақ ұйымдарының кәсіподақ мүшелері алдындағы жарғылық мақсат-міндеттерін жүзеге асырудағы ынтамақтастығы, өзара көмек-қолдауы мен жауапкершілігі;
- Кәсіподақ ұйымдарының, сайланбалы кәсіподақ органдарының жұмысындағы алқалылық пен олардың құрамына сайланған белсенділердің жеке жауапкершілікте болуы;
- Кәсіподақ ұйымдары мен сайланбалы кәсіподақ органдарының жұмысындағы жариялылық пен ашықтық;
- Шешім қабылдағанда әрбір кәсіподақ мүшесінің пікірін құрметтеу;
- Кәсіподақ органдарының құзырет шеңберінде қабылданған шешімдерінің орындау міндеттілігі;
- Кәсіподақ органдарының сайланбалығы және олардың кәсіподақ мүшелері алдындағы есептілігі;
- Қаржылық және атқарушылық тәртіптің сақталуы.
Кәсіподақтың бастауыш ұйымының құқықтары
- Кәсіподаққа қабылдауды және одан шығаруды жүзеге асырады;
- Жоғары тұрған тиісті кәсіподақ органдарына өз өкілдерін жолдауға, оларды кері шақыруға және алмастырады;
- Жоғары тұрған тиісті кәсіподақ органдарының қарауына ұсыныстар мен құжаттар жобаларын енгізуге, олардың қаралу нәтижелері бойынша ақпарат алады;
- Кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында қорғау туралы жоғары тұрған кәсіпода органдарына ұсыныстармен қайырылады;
- Ұжымдық келіссөздер жүргізуде, ұжымдық шарттар жасау мен өзгертуде, оның орындалуына бақылау жүргізуде қызметкерлердің мүддесін танытады;
- Кәсіподақтың тиісті аумақтық ұйымының қызметіне, оның ішінде салалық аймақтық келісімдерді, өзге келісімдерді әзірлеу мен жасауға, ұсыныстар енгізеді және атсалысады;
- Кәсіподақтың тиісті аумақтық ұйымының жетекшілеріне үміткерлер бойынша ұсыныстар жасайды;
- Заңдылықпен және кәсіподақ құжаттарымен көзделген тәртіппен кәсіподақ мүлігін пайдаланады;
- Кәсіподақтың тиісті аумақтық ұйымдарының мүмкіндіктерін кәсіподақ кадрлары мен белсенділерін оқытуға пайдаланып, өз қызметіне қажетті ақпарат алады және таратады;
- Кәсіподақтың тиісті аумақтық ұйымына бұқаралық акциялар, оның ішінде митингтер, шерулер, демонстрациялар мен пикеттер ұйымдастыру, сондай-ақ Кәсіподақтың бастауыш ұйымымен өткізілетін ұжымдық әрекеттерге қолдау көрсету туралы ұсыныстармен шығады;
- Кәсіподақтың тиісті аумақтық ұйымына өз қызметін жүзеге асыруға қажетті ақпарат, кеңестер, көмек пен қолдау алу үшін қайырылады;
- Жоғары тұрған кәсіподақ органдарына кәсіподақ мүшелерін марапаттау, мадақтау туралы ұсыныстар енгізеді.
Бастауыш кәсіподақ ұйымының міндеттері
- Кәсіподаққа қамту мен тарту жұмысын жүргізеді;
- Кәсіподақ Жарғысын, Кәсіподақтың аумақтық ұйымының Жарғысын, кәсіподақ органдарының, өз құзыреті аясында, қабылдаған шешімдерін орындайды;
- Ұжымдық шарт әзірлейді және жасайды, оның орындалуын бақылайды, әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі келісімдерді жасайды және орындалуын бақылауға септік етед;
- Кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауда ынтамақтастық танытып, кәсіподақтың ұжымдық әрекеттерін ұйымдастыру мен өткізуге қатысады;
- Кәсіподақ Жарғысымен белгіленген тәртіп, мерзім мен мөлшерге сәйкес кәсіподақ ұйымының қызметін ұйымдастыруға қаржы аударумен байланысты шешімдерді орындайды және қаржы тәртібін сақтайды;
- Жұмыс берушілердің мүшелік жарналарды мезгілінде әрі толыққанды аударуына бақылау жүргізеді;
- Жоғары тұрған тиісті кәсіподақ органдарына статистикалық мәліметтер, қаржы есептілігі мен жоғары тұрған кәсіподақ органдарымен бекітілетін нысандар бойынша өзге де ақпаратты беріп тұрады;
- Жиналыс (конференция), сайланбалы алқалы кәсіподақ органдарының қарауына жоғары тұрған кәсіподақ орагандарымен ұсынылған сұрақтарды енгізеді;
- Кәсіподаққа, кәсіподақ ұйымдарына нұқсан мен залал келтіретін әрекеттерге жол бермейді.
Құрылымы және басқару жүйесі
Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің бастауыш кәсіподақ ұйымы жалпы колледждің Педагогикалық Кеңес отырысында сайланған мүшелерден тұрады. Комитет құрамына колледждің әр бөлімшесінен және құрылымдық бірліктерінен өкілдер кіреді.
Комитет төрайымы – Индира Турсуновна Жумабекова, ол кәсіподақ ұйымының жұмысын үйлестіреді, кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау бағытында іс-шараларды ұйымдастырады, ұжымдық келісімдердің орындалуын қадағалайды, жоғары кәсіподақ ұйымдарымен тығыз байланыста жұмыс жүргізеді.
Комитет мүшелері – Дюсембаева Гулсара Муратовна, Санкайбаева Гулжан Жолдасбековна, Қажахмет Қуандық Марсбекұлы, Алпысбай Дидар Қалауқызы ұйымдағы түрлі бағыттағы (әлеуметтік, мәдени, спорттық, құқықтық, жастар) жұмыстарды өзара бөлісіп атқарады.
Хатшы – Алпысбай Дидар Қалауқызы іс қағаздарын жүргізіп, жиналыстар хаттамасын рәсімдейді және құжат айналымын реттейді.
Қызмет бағыттары
1. Әлеуметтік қолдау және көмек көрсету
- Материалдық және моральдық қолдау көрсету арқылы ұжымның бірлігін арттыру.
2. Еңбекті қорғау және қауіпсіздік
- Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарының сақталуын бақылау;
- Қызметкерлердің еңбек жағдайын жақсартуға бағытталған ұсыныстар енгізу.
3. Мәдени және спорттық іс-шаралар
- Ұжымдық және мерекелік шаралар ұйымдастыру (Ұстаздар күні, Жаңа жыл мен Наурыз мейрамдары және т.б.);
- Спорттық жарыстар, сайыстар, байқаулар арқылы ұжымдағы ұйымшылдық пен серіктестікті нығайту;
- Мәдени іс-шаралар арқылы ұжымдық рух пен корпоративтік мәдениетті қалыптастыру.
4. Құқықтық және ақпараттық қолдау
- Кәсіподақ мүшелеріне заңнамалық кеңес беру, құқықтық сауаттылығын арттыру.
Бастауыш кәсіподақ ұйымы – ұйым ішіндегі бірліктің, өзара сыйластық пен қолдаудың символы. Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің бастауыш кәсіподақ ұйымы – колледж ұжымының бірлігін, өзара қолдау мен әділдік қағидатын ұстанатын ұйым. Комитеттің басты міндеті – әрбір кәсіподақ мүшесінің мүддесін қорғау, әлеуметтік тұрақтылықты сақтау және ұжымдық рухты нығайту. Бастауыш кәсіподақ ұйымы әрбір мүшенің пікірін ескеріп, олардың игілігі жолында жұмыс істеуді басты мақсат санайды.
