Халықаралық NCCER аккредитациясы

Талдықорған жоғары политехникалық колледжі — Қазақстандағы техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі (ТжКБ) NCCER (National Center for Construction Education and Research, АҚШ) халықаралық салалық аккредитациясынан сәтті өткен тұңғыш оқу орны.

Халықаралық аккредитацияның мақсаты мен маңызы

NCCER аккредитациясының басты мақсаты — мамандарды даярлау сапасын арттыру және олардың кәсіби құзыреттілігін халықаралық деңгейде мойындату.

Халықаралық аккредитация келесі мүмкіндіктерді ашады:

  • Оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерінің кәсіби біліктілігін арттыру;
  • Оқыту және студенттерді бағалау жүйесін халықаралық стандарттарға сәйкес жетілдіру;
  • Түлектердің отандық және шетелдік компанияларда жұмысқа орналасу мүмкіндігін кеңейту;
  • Шетелдік серіктестерді тарту және халықаралық жобаларға қатысу;
  • Шетелдік және жергілікті кәсіпорындарда тәжірибеден өту базаларына қол жеткізу;
  • Колледжді әлемнің көптеген елдерінде әрекет ететін NCCER халықаралық желісіне қосу;
  • Аймақта қауіпсіз, өнімді және білікті жұмыс күшін қалыптастыру;
  • Оқыту жүйесін одан әрі жетілдіру үшін танылған әлемдік стандарттарды енгізу;
  • Жергілікті компанияларға ірі халықаралық инвестициялық жобаларға қатысу мүмкіндігін ұсыну.

Xалықаралық NCCER аккредитациясының кезеңдері

Аккредитация үдерісі бірнеше маңызды кезеңнен тұрады, олардың әрқайсысы NCCER талаптарына сәйкестікті дәлелдеуді қажет етеді:

I кезең — Колледж базасын талдау
Материалдық-техникалық база, оқу үдерісі, кадрлық әлеует және сапаны ішкі бақылау жүйесі бағаланады.

II кезең — «Applicant» (Өтініш беруші) мәртебесін алу
Колледж ресми өтініш береді және NCCER-дің негізгі критерийлеріне сәйкестігін дәлелдейді.

III кезең — «Candidate» (Кандидат) мәртебесін алу
Оқу бағдарламалары мен студенттерді бағалау жүйесі халықаралық талаптарға бейімделеді. Оқытушылар мен шеберлер NCCER бағдарламалары бойынша даярлықтан өтеді.

IV кезең — «Accredited Training Sponsor» (Аккредиттелген оқу орталығы) мәртебесін алу
Барлық кезеңдер сәтті аяқталғаннан кейін колледжге аккредиттелген орталық мәртебесі беріледі. Бұл мәртебе 1 жылдан 3 жылға дейін жарамды және NCCER бас кеңсесі жүргізетін аудит арқылы расталып отырады.

Білім беру бағдарламалары мен сертификаттау

Колледжде NCCER стандарттарына сәйкес оқу бағдарламалары жүзеге асырылады:

  • 96 сағат теориялық сабақтар,
  • 144 сағат тәжірибелік сабақтар.

2022-2023 оқу жылы NCCER Project Supervision модулі бойынша сертификациядан өткен колледж түлектері

Аты-жөніЖұмысқа орналасуы
1Абдрахман Темірлан«Orda Business Solutions» ЖК, Техникалық директор
2Анарбек Әлия«Саркан Саулет» ЖШС
3Елубай Диас«BA oilfield services» ЖШС, ӨТБ маманы
4Есмағанбетов СаятҚарағанды техникалық университетінің студенті, «Құрылыс» мамандығы бакалавриат 
5Жайсамбаева Мөлдір«SOAN GRUP» ЖШС
6Жетібай Аружан«Жол құрылыс» ЖШС
7Маратұлы БауыржанКоллекторлық агенттік
8Мукһамбетов Еркебұлан «Строй проект» ЖШС
9Оразқан ҚұндызБала күтімі бойынша демалыста
10Рымжанова АқмаралСемей қаласы, Шәкәрім университеті, «Құрылыс» мамандығы бойынша бакалавр. ТЖПТК арнайы пән оқытушысы
11Рыскелдиева ГүлнұрАрна ауылының орта мектебі, зертханашы. Бала күтімі бойынша демалыста
12Русланқызы Жанияра«Жол құрылыс» ЖШС
13Сейіт Әділет«Тита» ЖШС, Техник-құрылысшы
14Сманкулова Гүлзира«Саркан Саулет» ЖШС
15Тоқтарбеков Темірлан«Семей құрылыс» ЖК, құрылысшы

2024-2025 оқу жылы NCCER Project Supervision модулі бойынша сертификациядан өткен колледж студенттері мен бір түлектің тізімі

Аты-жөніЖұмысқа орналасуы
1Баженова ВероникаТЖПТК 3 курс студенті
2Бигасимов ДосжанТЖПТК 3 курс студенті
3Болатбекқызы ШырынТЖПТК 3 курс студенті
4Болатхан ТемирланТЖПТК 3 курс студенті
5Ермек АружанТЖПТК 3 курс студенті
6Жумабаев АнварТЖПТК 3 курс студенті
7Камелов ЖасуланТЖПТК 3 курс студенті
8Кенжебергенқызы ЕркежанТЖПТК 3 курс студенті
9Красюкова ГалинаТЖПТК 3 курс студенті
10Муссакулов НурисламТЖПТК 3 курс студенті
11Нурислам АсанТЖПТК 3 курс студенті
12Сергеенко ДаниилТЖПТК 3 курс студенті
13Сырлыбек АдиТЖПТК 3 курс студенті
14Турсынов ЕрасылТЖПТК 3 курс студенті
15Ортова Айым«Жетісу облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мұрағатында жұмыс жасайды

NCCER сертификаттары түлектердің кәсіби дағдыларын растап, олардың Қазақстанда және шетелде жұмысқа орналасу мүмкіндігін арттырады.

Тәжірибе және ынтымақтастық

Талдықорған жоғары политехникалық колледжі халықаралық аккредитациядан өту тәжірибесімен еліміздегі басқа колледждермен белсенді бөлісіп келеді.
Бұл бағыттағы жұмыс серіктестік желіні кеңейтуге және халықаралық стандарттарды енгізуге мүдделі аймақтық оқу орындарының өзара ынтымақтастығын нығайтуға мүмкіндік берді.

Қорытынды

NCCER халықаралық аккредитациясы — бұл Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің білім беру сапасының жоғары деңгейін халықаралық деңгейде мойындату.
Бұл — Жетісу облысы мен еліміздің кәсіби, бәсекеге қабілетті және қауіпсіз еңбек әлеуетін қалыптастыруға бағытталған сенімді қадам.

Scroll to Top