ПРОФИЛЬДІК СЫНЫП:
«ДРОН ОПЕРАТОРЛАРЫ ЖӘНЕ РОБОТОТЕХНИКА»
Орналасқан жері: IT мектеп №28
Серіктесі: Талдықорған жоғары политехникалық колледжі
Жобаның мақсаты
- Мектеп оқушыларын заманауи технологиялар мен инженерия саласына ерте кәсіби бейімдеу;
- Дрондарды басқару және робототехника саласында бастапқы білім беру;
- Оқушылардың техникалық ойлау қабілеті мен шығармашылық әлеуетін дамыту
Маңызы
Бұл жоба – болашақ инженерлер мен IT мамандарының алғашқы қадамы.
Оқушылар инновациялық бағыттармен танысып, нақты тәжірибе арқылы кәсіби бағдар алады.
Нәтиже
- Оқушылар Талдықорған жоғары политехникалық колледжіне түсіп, таңдаған техникалық мамандықтары бойынша білімдерін жалғастыра алады;
- Алған базалық білім мен тәжірибе колледждегі оқу үдерісіне тез бейімделуге көмектеседі;
- Колледжбен үздіксіз байланыс – болашақ мамандыққа нақты бағыт береді.
«Дрон операторлары» бағыты
Оқушылар:
- Дронды басқару негіздерін үйренеді;
- Бағдарламалау және навигацияны меңгереді;
- Фото және бейне түсірілім жасау тәсілдерін қолданады;
- Дронды құрастыру және техникалық қызмет көрсетуді игереді.
Қолдану салалары: ауыл шаруашылығы, құрылыс, экология, медиа және қауіпсіздік.




«Робототехника» бағыты
Робототехника – бұл роботтарды жобалау, құрастыру және бағдарламалау саласы.
Оқушылар:
- Роботтың құрылысын және жұмыс принципін түсінеді;
- Механикалық бөлшектерді біріктіріп, өздері робот жасайды;
- Бағдарламалау арқылы роботтың қимылын басқарады;
- Командалық жобалар мен байқауларға қатысады.
Неліктен бұл қызықты?
Робототехника логикалық ойлауды, сабырлылықты және жаңа идеяларды жүзеге асыруды дамытады. Бұл бағыт – болашақ инженерлер мен IT мамандарының алғашқы баспалдағы.




