Fab Lab
Fab-Lab зертханасы заманауи мүмкіндіктерді ашатын талантты жастарға арналған инновациялық орта
Талдықорған жоғары политехникалық колледжі заманауи технологияларға бағытталған жаңа Fab-Lab зертханалары есігін ашты.
Бұл зертханалар студенттердің инженерлік ойлауын дамытуға, өндірістік тапсырмаларды орындауға, заманауи жабдықтармен жұмыс істеп, кәсіби дағдыларын шыңдауға үлкен мүмкіндік береді.
Fab-Lab зертханалары келесі бағыттарға бөлінеді.
- Робототехника зертханасы
- 3D модельдеу және 3D басып шығару зертханасы
- Жасанды интеллект (AI) зертханасы
№ 212, Робототехника зертханасы
Бұл кабинет-жас техниктардың инновациялық орталығы.
Зертхананың негізігі мүмкіндіктері келесідей:
- NAO гуманоид роботтары
- бағдарламалау, қозғалыс сценарийін құру, ЖИ модельдерін енгізу
- WorldSkills талаптарына негізделген робототехникалық платформалар
- құрастыру, басқару, инженерлік міндеттерді шешу
- Сенсорлар, сервоприводтар, микроконтроллерлермен тәжірибе
- Python, C/C++ тілдерінде роботтарды бағдарламалау
- Жарыстарға, хакатондарға дайындық алаңы
Нәтиждесінде, студенттер нақты индустрияға бағытталған роботтармен жұмыс істеп, инженер-бағдарламалаушы дағдыларын қалыптастырады.
№ 213, 3D модельдеу және 3D басып шығару зертханасы
Бұл кабинетте студенттер цифрлық модельдеу және прототиптеу саласын меңгереді.
Негізгі жабдықтар:
- 3D принтерлер
- 3D сканерлер
- CAD / CAM бағдарламалары (Fusion 360, SolidWorks, Blender)
Студенттерге келесідей мүмкіндіктерге жол ашылады:
- Кез келген формадағы 3D модельдер жасау
- Инженерлік сызбаға сай прототиптер дайындау
- Басып шығарылған заттарды тестілеу
- Макеттер, өндірістік бұйымдар, сувенирлер шығару
Нәтижедесінде, студенттер инженер-конструктор дағдыларын игеріп, кез келген жобаның прототипін жасай алады.
№216, № 217 Жасанды интеллект (AI) зертханалары
AI кабинеттері келешек мамандарын даярлауға арналған жоғары технологиялық хаб болып табылады.
Келесі бағыттарда жұмыс істейді:
- Python негіздері
- Машиналық оқыту (ML)
- Компьютерлік көру (CV)
- Нейрондық желілер
- Chatbot әзірлеу
Жабдықтар:
- Компьютерлік станциялар
- GPU-жабдықталған жүйелер
- ЖИ тақырыбындағы интерактивті материалдар
Нәтижесінде студенттер дата-талдау, ЖИ модельдерін оқыту, интеллектуал жүйелер құру сияқты дағдыларды меңгереді.
