Стартап Академия
Миссия
Жас кәсіпкерлерді қолдау және студенттер мен жастар арасында инновациялық идеяларды дамыту. Бағдарлама өз бетінше ойлап, икемді шешім қабылдай алатын және жаңа өнімдер жасайтын мамандарды дайындауға бағытталған.
Негізгі бағыттар
- Бизнес-жоспарлау, жобаларды қорғау және коммерцияландыру негіздеріне оқыту.
- Студенттік стартап экожүйесін қалыптастыру және креативті бастамаларды қолдау.
- Идеяны нақты өнімге немесе қызметке айналдыруға жәрдемдесу.
- Жобаларды конкурстарда, форумдарда, көрмелерде таныстыру.
- Жастардың кәсіпкерлік дағдыларын дамыту және тәжірибеге тарту.
Академияның функциялары
- Тәжірибелі кәсіпкерлермен семинарлар, мастер‑класстар өткізу.
- Жобаларды идеядан іске асуға дейін сүйемелдеу.
- Конкурстарға қажетті таныстырылым материалдарын дайындау.
- Табысқа жеткен стартаптарды ақпараттық сүйемелдеу және ілгерілету.
Жетістіктер
2023 ж. 1 желтоқсанда өткен республикалық «Мен кәсіпкермін»
гранд-турнирінде Жоғары политехникалық колледж студенті Демеубеков Дастан «Hydro» жобасымен 3-орын иегері атанды!
2024 ж. Digital Jetisu Forum аясында Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің бизнес-стартап жобаларының жетекшісі
Кулынтаева Асель Ержановна «Стартап мәдениетінің үздік менторы» номинациясы бойынша 100 000 теңгелік сертификатпен марапатталды.
09.12.2024 ж. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы республикалық жоба байқауында
Кулынтаева Асель Ержановна мен Токанова Жұлдыз Талғатқызы «Antikor 24» жобасымен 2-орынды иеленіп, 150 000 теңге ұтып алды!
Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің студенті Менлибай Ақжол
өзінің «Aninobe» инновациялық жобасымен Jetisu Digital инкубациялық бағдарламасын аяқтап, Demo Day қорытындысы бойынша 1-орынға ие болып, 150 000 теңге жүлдемен марапатталды.
Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай
16 желтоқсанда ұйымдастырылған Jetisu Digital хакатонында «Циклон» командасы 3-орын алып, 100 000 теңге жүлдеге ие болды.
Жауапты тұлға:
Құлынтаева Асель Ержанқызы
Бизнес стартапының басшысы
Байланыс:
📞 Телефон: +7 708 595 3451
