1С ОФИСІ

Талдықорған жоғары политехникалық колледжі — инновация мен сапалы білімнің тоғысқан ордасы. Қазіргі таңда колледж базасында 1С Сертификатталған Оқу Орталығын ашу бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр.
Бұл бастама — цифрлық экономиканың талабына сай заманауи IT-мамандарды даярлауға бағытталған маңызды қадам.

1С СЕРТИФИКАТТАЛҒАН ОҚУ ОРТАЛЫҒЫН АШУДЫҢ НЕГІЗГІ МАҚСАТЫ

1С оқу орталығының басты мақсаты — студенттер мен оқытушыларға бағдарламалық есеп жүйелерімен кәсіби деңгейде жұмыс істеуді үйрету,
сондай-ақ 1С халықаралық стандарттарына сай сертификаттар алуға мүмкіндік жасау.

1С СЕРТИФИКАТТАЛҒАН ОҚУ ОРТАЛЫҒЫН АШУҒА ҚОЙЫЛҒАН НЕГІЗГІ ТАЛАПТАР:

  • Келісімшарт жасау: колледж 1С компаниясымен ресми келісімге қол қойды;
  • Оқытушыларды даярлау: таңдаулы оқытушылар 1С сертификатталған курстарынан өтуде;
  • Әдістемелік база: оқу процесін қамтамасыз ету үшін сертификатталған оқу материалдары мен әдістемелік құралдар сатып алынуда.

ҚАЗІРГІ НӘТИЖЕЛЕР

Бүгінгі күні колледжіміз 1С орталығымен ресми әріптестік орнатты,
және барлық талаптар бойынша жұмыстар жүйелі әрі жоспарлы түрде жүргізілуде.

  • 10 оқытушы 1С сертификатталған курстарынан табысты өтті.
    Олардың ішінде
  • 5 оқытушы “1С:Кәсіби” деңгейіне ие болды,
    ал қалғандары қазір «ЦСО оқытушысы» емтиханына дайындалуда.

ЕМТИХАНҒА ДАЙЫНДЫҚ ПЕН ТАПСЫРУ КЕЗЕҢДЕРІ:

  1. «1С:Кәсіби» дайындығы және сертификаттау
  2. Оқытушыларға арналған тренингтен өту
  3. «ЦСО оқытушысы» емтиханын тапсыру

БОЛАШАҚҚА БАҒЫТ

1С оқу орталығының ашылуы — колледждің цифрлық білім беру кеңістігіне қадам басуының айқын көрінісі. Бұл жоба арқылы оқу орны заманауи технологияларды меңгерген, еңбек нарығында сұранысқа ие бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға мүмкіндік алады. 1С оқу орталығы – инновацияға бастар көпір, кәсібилікке апарар жол.

Жауапты тұлға:

Кусаинова Дария Кемельбаевна – Бағдарламалық қамтамасыз ету кафедрасының меңгерушісі 

 

Байланыс:
📞 телефон: 8 778 933 90 46

Scroll to Top