WORLDSKILLS KAZAKHSTAN
WorldSkills Kazakhstan — бұл еліміздегі ең беделді кәсіби шеберлік чемпионаты.
Жарыс техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттеріне өз білімін, тәжірибесін және шығармашылық қабілеттерін халықаралық деңгейде көрсетуге мүмкіндік береді.
Талдыкорған жоғары политехникалық колледжі жыл сайын Жетісу облысының атынан ұлттық құрама команда құрамында қатысып, жоғары нәтижелерге қол жеткізіп келеді.
WORLDSKILLS KAZAKHSTAN 2025
Колледж студенттері ұлттық чемпионатта үздік нәтижелер көрсетіп, жүлделі орынға ие болды:
марапаттар
- Күміс медаль — Әділ Оспан, «Электроника» құзыреттілігі.
Эксперт жетекшісі — Аяганова Аяжан Жанбаевна. - Қола медаль — Куандык Амантай, «Мобильді косымшаларды әзірлеу» құзыреттілігі.
Эксперт жетекшісі — Асқарбаев Жандос Саматұлы. - Медальондар (Excellence Awards):
– Төлегенұлы Ерсұлтан — «Бизнеске арналған IT-шешімдер»
– Сеид-Оглы Руфина Мамедовна — «1С платформасында бизнес-процестерді автоматтандыру»
– Сейтбаев Бекназар Сейтжапарович — «Графикалық дизайн»
– Мухаметханов Сакен Бақытжанович — «Бейнемонтаж»
– Оразғали Әсет Рахатұлы — «ИКТ желілерінің инфрақұрылымы»
WORLDSKILLS KAZAKHSTAN 2024
марапаттар
- Алтын медаль — Сламханұлы Жанарыс «Мобильді қосымшаларды әзірлеу» құзыреттілігі. Эксперт жетекшісі — Асқарбаев Жандос Саматұлы
- Күміс медаль — Ерсінұлы Санат «Ақпараттық-кабельдік желілер» құзыреттілігі. Эксперт жетекшісі — Ахасов Есбол Бағланбекұлы
- Медальондар (Excellence Awards):
- Тасмағанбет Дінмұхаммед — «Жүйелік әкімшілендіру»
- Коротков Ярослав — «Прототиптеу»
- Асан Нурислам — «Инженерлік графика (CAD)»
- Тұрсынақын Ерен — «Графикалық дизайн»
Бұл жеңіс колледждің IT және инженерлік бағыттағы сапалы білім беруін, заманауи зертханалық базасын және тәжірибелі тәлімгерлер еңбегін айқын көрсетеді.
WORLDSKILLS KAZAKHSTAN 2023
2023 жылы колледж студенттері республикалық деңгейде де жоғары нәтижелерге қол жеткізді:
- «Электроника» — 2-орын, Клочков Алексей
эксперт жетекшісі — Аяганова Аяжан Жанбаевна - «Графикалық дизайн» — 3-орын, Арқабай Абзал
эксперт жетекшісі — Жуниспаева Айгерим Бауыржановна
«Үздік маман» номинациясы бойынша:
- «Информационные и кабельные сети» — Сейд-оглы Наргуль
- «Сетевое және жүйелік әкімшілендіру» — Агапов Павел
- «Web-технологиялар» — Сламханұлы Жанарыс
WorldSkills қозғалысының маңызы
WorldSkills қозғалысы — бұл тек жарыс емес, ол:
- студенттер үшін кәсіби өсу мен тәжірибе алаңы;
- колледж үшін білім сапасын халықаралық стандарттарға сәйкестендіру жолы;
- өңір үшін инновациялық кадрлар даярлаудың кепілі.
Колледж студенттері жыл сайын жаңа құзыреттіліктерде бақ сынап, Жетісу облысының намысын абыроймен қорғауда.
Болашаққа бағыт
WorldSkills Kazakhstan чемпионаттарындағы табыстар колледж түлектерінің еліміздің еңбек нарығында бәсекеге қабілетті маман болуына жол ашады.
Біздің мақсатымыз — заманауи технологиялар мен халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, нағыз кәсіби мамандар ұрпағын қалыптастыру.
