Жас мамандар мектебі
Жас мамандар мектебі — бұл педагогикалық қызметін жаңадан бастаған жас ұстаздарға кәсіби бейімделу кезеңінде қолдау көрсететін арнайы жүйе. Мектептің басты мақсаты — жас педагогтардың кәсіби өсуіне, педагогикалық шеберлігін қалыптастыруына және білім беру сапасын арттыруға жағдай жасау.
Кәсіптік білім беру жүйесінде жаңа мамандардың өз ісіне сенімді, шығармашыл және заманауи әдістерді меңгерген ұстаз ретінде қалыптасуы өте маңызды. Сондықтан Жас мамандар мектебі олардың алғашқы жылдардағы қиындықтарын жеңілдетуге, кәсіби ортаға тез бейімделуіне көмектеседі.
Мақсаты мен мәні
Жас мамандар мектебі — бұл тек әдістемелік қолдау алаңы ғана емес, сонымен қатар тәжірибе мен идеялар алмасу орталығы.
Мұнда жас педагогтар:
- Тәжірибелі тәлімгерлердің қолдауымен өз кәсібін терең түсінеді;
- Оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың жаңа әдістерін үйренеді;
- Өз жұмысын талдай және жетілдіре білуге дағдыланады;
- Педагогикалық этика мен мәдениетті сақтаудың маңызын меңгереді.
Маңызы
Жас мамандар мектебі – білім беру ұйымының дамуына инвестиция. Себебі жас ұстаз – ертеңгі кәсіби кадр, оқу орнының беделі мен болашағының кепілі. Бұл мектеп арқылы колледж білікті, заманауи ойлайтын, жаңашыл педагогтар буынын қалыптастырады.
2025–2026 оқу жылына арналған Жас мамандар мектебінің жоспары
Міндеттері:
- Жас мұғалімдер арасында үздіксіз өзін-өзі тәрбиелеу мен кәсіби өсу қажеттілігін қалыптастыру;
- Оқыту мен тәрбиелеудің заманауи әдіс-тәсілдерін меңгеруге ықпал ету;
- Нормативтік және құқықтық құжаттармен таныстыру;
- Шығармашылық қызметтің жеке стилін қалыптастыруға жағдай жасау;
- Зерттеу және талдау дағдыларын дамыту;
- Кәсіби өзін-өзі көрсету мен өзін-өзі дамыту қабілеттерін қалыптастыру;
- Әдістемелік жұмысты жас мамандардың қажеттіліктеріне қарай ұйымдастыру.
| № | Жұмыс мазмұны | Орындалу мерзімі | Индикаторлар/ Соңғы нәтиже | Жауаптылар |
|---|---|---|---|---|
| 1. Ұйымдастырушылықты жоспарлау жұмысы | ||||
| 1. | Жас мамандармен сұхбат. Жас мамандар мектебінің құрамын анықтау. | Қыркүйек 2025 ж. | Тізім | Әдіскерлер, кафедра меңгерушілері |
| 2. | Жас мамандармен – тәлімгерлерді бекіту | Қыркүйек 2025 ж. | Бұйрық | Әдіскерлер, кафедра меңгерушілері |
| 2. Жас мамандар мектебімен өткізілетін шаралар | ||||
| 1. | Коучинг: «Сабақты ұйымдастыру жолдарының құрылымы» | Қыркүйек 2025 ж. | Коучинг | Әдіскерлер |
| 2. | Жас мамандарға арналған шеберлік сыныптарын ұйымдастыру және өткізу | Кестеге сәйкес | Құрастырылған әзірлемелер | Тәлімгер |
| 3. | Жас мамандардың педагогикалық шеберліктерін арттыруда колледжішілік кәсіби пәндік апталық өткізу. | 2семестр | Апталық кестесі | Әдіскерлер |
| 3. Жаңадан келген педагогтармен, тәлімгерлермен жұмыс | ||||
| 1. | Жас мамандар мектебінің жұмыс жоспарымен танысу, тәлімгерлердің жас мамандармен бірлескен жұмыс жоспарын құру, | Қыркүйек | Жоспар | Әдіскерлер, Тәлімгерлер |
| 2. | Колледждің нормативтік құқықтық құжаттарымен танысу. | Қыркүйек | Жас мамандар портфолиосы | Тәлімгерлер |
| 3. | Оқу жұмыс бағдарламаларын, сабақ жоспарларын құрастыруларына ықпал ету. | Қыркүйек | — | Әдіскерлер, Тәлімгерлер |
| 4. | Жас мамандардың сабақтарына қатысу, қолдау көрсету. | Қыркүйек-Маусым (Айына 2 рет) | Сабаққа қатысу парағы | Әдіскерлер, Тәлімгерлер |
| 4. Педагогтардың біліктілік дағдыларын жетілдіру | ||||
| 1. | Кафедралар апталықтарында өткізілетін іс шараларға тәжірибе алмасу мақсатында қатысу( ашық сабақ, тәрбие сағаттары т.б.) | Қазан -сәуір | Сабаққа қатысу парағы | Әдіскерлер, Тәлімгерлер, кафедра меңгерушілері |
| 2. | Педагогикалық шеберлік класы, семинарлар, конференцияларға қатысу. ( республикалық, облыстық,қалалық) | Қыркүйек-Маусым | Жас мамандар портфолиосы | Әдіскерлер, Тәлімгерлер, кафедра меңгерушілері, жас мамандар |
| 3. | БАҚ көздеріне мақалалар жариялау. | Жыл бойы | БАҚ | Тәлімгерлер, кафедра меңгерушілері, жас мамандар |
| 4. | Кәсіби біліктіліктерін арттыру куратарынан өту. (облыстық, халықаралық, республикалық,) | Жыл бойы | сертификат | кафедра меңгерушілері, жас мамандар, Әдіскерлер |
