Талдықорған Жоғары Политехникалық Колледжінің дене тәрбиесі және АӘД кафедрасының ашық сабағы

2025 жылғы оқу жылында Талдықорған Жоғары Политехникалық Колледжінің дене тәрбиесі және алғашқы әскери дайындық (АӘД) кафедрасы облыстық деңгейдегі ашық сабақ өткізді. Бұл іс-шара дене тәрбиесі мен әскери-патриоттық дайындықтың оқу-тәрбиелік әдістерін дамыту, оқытушылар арасындағы педагогикалық тәжірибе алмасу және студенттердің физикалық қабілеттерін арттыру мақсатында ұйымдастырылды.

Кафедра оқытушылары заманауи әдістемелер мен түрлі спорттық жаттығуларды сабақ барысында тиімді қолданды, сонымен қатар студенттердің белсенді қатысуын қамтамасыз етті. Ашық сабақта денсаулықты нығайту, спорттық шеберлік пен әскери дайындық дағдыларын қалыптастыру бойынша әдістемелік көрсетілімдер мен практикалық тапсырмалар ұсынылды.

Колледждің дене тәрбиесі және АӘД кафедрасы студенттердің физикалық және рухани дамуына басымдық беріп, спорт-тәрбиелік жұмыстың сапасын арттыруға бағытталған іс-шараларды жүйелі түрде жүзеге асыруда.

Scroll to Top