Қысқы педагогикалық оқулар – 2026 аясында №6 «Желілік технологиялар және киберқауіпсіздік» кафедрасы «Жасанды интеллект – педагогтің кәсіби көмекшісі» тақырыбында мазмұнды шеберлік сынып ұйымдастырды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – педагогтердің кәсіби әлеуетін арттыру, инновациялық ойлау дағдыларын дамыту, сондай-ақ білім беру үдерісінде жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды тиімді қолдану жолдарын көрсету болды. Шеберлік сынып барысында қатысушылардың белсенділігін арттыруға бағытталған интерактивті тренингтер өткізіліп, заманауи цифрлық құралдарды тәжірибе жүзінде қолдану әдістері таныстырылды.
Шеберлік сыныпта педагогтер жасанды интеллекттің білім беру саласындағы мүмкіндіктерімен танысып, сабақ жоспарлау, оқу материалдарын дайындау, бағалау және кері байланыс беру үдерістерінде ЖИ құралдарын қолдану бойынша практикалық кейстерді талқылады. Сонымен қатар, цифрлық қауіпсіздік пен этикалық мәселелерге де ерекше назар аударылды.
Іс-шара педагогтердің өзара тәжірибе алмасуына, кәсіби диалог орнатуына және жаңа идеялармен бөлісуіне мүмкіндік берді.
Аталған шеберлік сынып педагогтердің кәсіби дамуына серпін беріп, білім беру сапасын арттыруға бағытталған маңызды тәжірибелік алаңға айналды.

