Тақырыбы: «Ақылды технологиялар – сапалы білім кепілі»
Қысқы педагогикалық оқулар – колледж оқытушылары мен педагогтардың жыл сайынғы кәсіби форумы. Аталған алаңда қатысушылар практикалық тәжірибелерімен бөлісіп, өзекті ғылыми-әдістемелік мәселелерді зерделейді және заманауи білім беру кеңістігінің негізгі міндеттерін талқылайды.
Педагогикалық оқулар білім беру процесінде инновациялық тәсілдерді енгізу, цифрлық және ақылды технологияларды тиімді қолдану, сондай-ақ педагогтардың кәсіби әлеуетін дамыту мәселелеріне бағытталған.
Мақсаты: инновациялық тәжірибе алмасу, кәсіби қарым-қатынасты жандандыру және педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру.

