Талдықорған жоғары политехникалық колледжінде Қытай Халық Республикасының Чжэцзян Қауіпсіздік технологиялары колледжінің Жасанды интеллект мектебінің оқытушылары қатысуымен халықаралық шеберлік сыныбы өтті.
Шеберлік сыныбы барысында мамандар жасанды интеллект саласындағы заманауи технологиялар, цифрлық құралдар және білім беру үдерісіне инновациялық әдістерді енгізу бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті.
Аталған іс-шара халықаралық ынтымақтастықты нығайтып, оқытушылар мен студенттер үшін жаңа білім алуға, ой-өрісті кеңейтуге және алдыңғы қатарлы AI технологияларымен жақын танысуға мүмкіндік берді.

