Оқытушылар WorldSkills China ұйымының ресми серіктесі болып табылатын Dolang компаниясында (Қытай Халық Республикасы, Цзинань қаласы) кәсіби тағылымдамадан сәтті өтті.
Dolang зауытында тағылымдама барысында қатысушылар мехатроника саласындағы заманауи технологиялармен, соның ішінде автоматтандыру жүйелерімен, цифрлық басқару шешімдерімен, өнеркәсіптік жабдықтармен және нақты өндірістік үдерістермен жан-жақты танысты.
Бұл тәжірибе — біліктілікті арттыру ғана емес, студенттерді халықаралық стандарттар негізінде даярлауға бағытталған маңызды қадам.
Тағылымдама нәтижесінде Талдықорғанға:
- жаңа білім,
- заманауи оқыту әдістемелері,
- халықаралық білім беру стандарттары әкелінді.
Бүгінде біз болашақ мамандарды шынайы халықаралық деңгейде даярлауға толық дайынбыз




