WorldSkills Kazakhstan 2025: Жетісу облысының нәтижелері

Республикалық WorldSkills Kazakhstan 2025 чемпионаты өз мәресіне жетті.
Үш күнге созылған додада Жетісу облысының құрамасы жоғары дайындық деңгейін және кәсіби шеберлігін көрсетіп, айтарлықтай нәтижеге қол жеткізді.

Жетісу облысының нәтижелері:

  • 🥇 2 алтын медаль
  • 🥈 1 күміс медаль
  • 🥉 2 қола медаль
  • 🏅 10 «Кәсіби шеберлік үшін» медальоны

Бұл жетістіктер — жас мамандардың табанды еңбегінің, тәлімгерлер мен сарапшылардың кәсіби қолдауының, сондай-ақ өңірде техникалық және кәсіптік білім беруге көрсетіліп отырған тұрақты қолдаудың нақты көрінісі.

Жетісу облысының қатысушылары чемпионат барысында білімдерін, практикалық дағдыларын және заманауи технологияларды меңгеру деңгейін жоғары дәрежеде дәлелдеді. Әрбір қатысушы — өңіріміздің мақтанышы.

Чемпионатқа қатысқан студенттерді, оларды дайындаған оқытушылар мен сарапшыларды, сондай-ақ қолдау көрсеткен барлық ұйымдарды шын жүректен құттықтаймыз!

Scroll to Top