Учебная часть

Опубликовано admin в

Оқу бөлімі

Бейлистов Берік Қалқаманұлы – Оқу бөлімің меңгерушісі

Алиясова Сабина – Оқу бөлімі қызметкерлері

Табиғат Манила – Оқу бөлімі қызметкерлері

Ділдебай Ділназ – Оқу бөлімі қызметкерлері

Студенттердің білім сапасын бақылау және мониторингтеу әдістері мен формаларын жетілдіру бағытында мақсаттарды анықтайды. Сабақ кестесін жасауда модульдік жүйеге ауысуды жүзеге асырады. Оқытушылар мен студенттердің еңбегін нақты жағдайға қарай тиімді ұйымдастырылуын қадағалайды.Педагогтік ұжым қызметінің ағымдағы және болашақтағы жоспарлауын ұйымдастырады. Оқытушылардың, өндірістік оқыту шеберлерінің және басқа да педагог жұмыскерлердің оқу жоспарлары мен бағдарламаларын орындау жөнінде жұмысын үйлестіреді. Білім алушылардың оқу жүктемесінің орындалуын, колледждегі сабақ кестесін жасау үшін материалдардың дайындалуын және олардың орындалуының бақылауын жүзеге асырады. Оқыту процесінің сапасын бақылауды және білім алушылардың білім алу даярлығының нәтижесін бағалаудың ақиқаттығын жүзеге асырады.

Кестеге сәйкес сабақтардың орындалуын ұйымдастырады, сабақтарды өткізу үшін аудиториялардың уақытылы берілуін қадағалау. Оқу өндірістік графигінің орындалуын ұйымастырады. Оқытушылардың өзара сабақ ауысыуын ұйымдастырады. Оқушылардың білім сапасының, оның нәтижелілігін тиімділігін, мониторингін ұйымдастырады. Емтихан сессиясы нәтижелері сапасының мониторингін және салыстырмалы талдауын жасайды. Кіріспе бақылаудың студенттердің білімін аралық бақылаудың мониторингін ұйымдастырады. Міндетті бақылау жұмыстарының нәтижелерін талдау, аралық бақылау, бақылау мониторингін ұйымдастырады.

Оқу кестесінің және оған өзгерістердің орындалуын бақылайды. Емтихан сессиясының өтуін (аралық бақылау), білім аттестациясын (аралық бақылау), кіріспе бақылауды бақылайды. Диспечердің, зертханашының жұмысын үйлестіріп бақылайды.

Менеджердің қызметтік міндеттері: Оқу бөліміндегі оқу құжаттарының (журналдардың, қалталардың) жауапты, академиялық үлгерім мен сабаққа қатысуы туралы қысқаша мәлімдемелері кафедра кестесін басып шығарады. Баспа материалын уақытында дайындайды. Сабаққа қатысуды ұйымдастырады, оқу үрдісі туралы қысқаша мәліметтерді дайындайды. Тікелей Автоматтандырылған оқу бөлімі меңгерушісінің басшылығымен жұмыс істейді.

ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР

«Platonus» ААЖ жүйесі бойынша баға қалай есептеледі?
Қорытынды баға  = Орташа ағымдағы * 0,6 + Емтихан * 0,4

Емтиханды қайта тапсыруға бола ма?
Қорытынды бақылау бойынша алған оң бағаны осы аралық аттестациялау кезеңінде, оны жоғарылату үшін қайта тапсыруға рұқсат берілмейді.
Қорытынды бақылау нәтижесімен келіспеген студент, аппеляцияға емтихан өткен күннің екінші жұмыс күнінен кешіктірмей бере алады.

Ағымдағы бақылау бағасын өзгертуге бола ма?
Студент теориялық білім алу кезеңінде ағымдағы бақылаудың бағасын жақсартуға құқылы.

Емтихан бағалары қойылған соң, рұқсат беру рейтингісін жақсарта ала ма?
Қорытынды бағалары өткізгесін және қойылғасын  студент рұқсат алу рейтингісінің бағасын жақсарта алуға құқылы емес.

Жасырын сөз (пароль) өзгере ме (тегі өзгертілгенде, курстан курсқа ауысқанда, басқа мамандыққа ауысқанда)?
«Platonus» ААЖ немесе бөлім қызметкерлері студенттердің және қызметкерлердің жасырын сөздерін жоғары көрсетілген себептер бойынша өзгерпейді.

Жасырын сөзін қайта қалпына келтіре ала ма?
Алдыңғы жасырын сөзді қайта қалпына келтіре алмайды. Бөлім қызметкерлері Сізге жаңа жасырын сөзін жеке сұрауыңызда бере алады.

Жүйеде фотосуретті қалай өзгертуге болады?
«Platonus» ААЖ-де өз бетінше фотосуретті өзгерте алмайды. Сіз фотосуретті электрондық түрде бөлімге (104 каб.) әкеп бере аласыз немесе uter.artas  поштасына Т.Ә.А.Ж.  және мамандығын жазып жолдай аласыз.

Босатып алған сабақтар рұқсат беру рейтингісіне ықпал ете ме?
Оқытушы қойған «ж»-лер, жүйеде F болып есептелмейді және рұқсат алу рейтингісін есептеуде ескерілмейді.

Журналдағы студенттің нөлі нені білдіреді?
0 – бұл баға қанағаттандырылмаған, яғни F.

GPA қалай есептелінеді?
GPA келісі формула бойынша есептелінеді:

GPA қайдан көре алуға болады?
GPA транскрипте көруге болады

Ағымдағы бақылаудың және емтиханның бағаларын қалай көруге болады?
Ағымдағы бақылаудың және қорытынды бақылаудың бағалары студенттің журналында көрсетіледі.

Үшінші тұлға үшін жасырын сөз алуға бола ма?
Жоқ. Бөлім қызметкерлері Сізге жаңа жасырын сөзін жеке өзі жүгінген кезде  ғана береді.

Оқытушы бағаларды қашан қояды?
Бағалар теориялық кезеңде қойылады. Теориялық оқыту соңғы 15 аптаның жұма күні 9:00-де рейтингілік тізімдемені құрастыру үшін жабылады.Курстық жұмыс қорытынды бақылау бағасына ықпалын тигізе ме?
Курстық жұмыстың бағасы емтиханға кіруге рұқсаты береді және оқудың теориялық кезеңінің соңында қойылады, яғни 15 аптананың соңында. Курстық жұмыстың мөлшері қорытынды бағасын есептеуде әрбір оқытушы өзі бағалайды.

Курстық жұмыс, тәжірибе және дене шынықтару бағалары шәкіртақы алуға ықпалын тигізе ме?
Курстық жұмыста, тәжірибеде және дене шынықтыруда алған барлық бағалар шәкіртақы тағайындауда шәкіртақы тағайындаушы комиссиямен ескеріледі.

«Platonus» ААЖ-де жұмыс туралы жетекшілікті қайдан алуға болады?
«Platonus» ААЖ-де жұмыс туралы жетекшілікті автоматты түрде хатпен жүйе арқылы оқытушылар мен студенттерге жолданған.

Рубрики: НОВОСТИ